ДК: Шағын комплектілі мектептер өңірде маңызды мәселе. Қазір осындай 352 білім ошағының 117-сі нормативтерге сәйкес келмейді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында 3 мектепті аралады. Оларға қатысты әзірге нақты шешім жоқ, бірақ мәселе әкімшіліктің бақылауында.

РКС: Обалы ауылындағы мектеп 1977 жылы салынған. Білім беру мекемесі 450-ге жуық оқушыны қабылдай алады. Алайда, бүгінде мұнда тек 45 оқушы білім алады. 3 қабатты мектеп мемлекеттік қолдауында.

СНХ: ҚЫМБАТ АХМЕТОВА, ОБАЛЫ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұрын 450 оқушы оқыды, өйткені жаңа Андреевка ауылынан балалар келіп оқыды. Бұрын интернат болған. Балалар осында тұрып, оқыды. Қазір 45 бала оқиды. 15 мұғалім жұмыс істейді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қиын жағдай. Мектеп жақсы. Егер біз балалардың болашағы туралы алаңдайтын болсақ, онда балалар қайтадан интернатта тұруы керек. Барлығы интернатта оқыды. Балалар өсіп, бірден сапалы білім алуы керек.

РКС: Савинка ауылындағы негізгі орта мектебінде де оқушы саны тым аз. Осындай проблемасы бар тағы бір білім беру мекемесі Веденовка ауылында орналасқан. 540 балаға шақталған. Қазір мұнда 126 оқушы оқиды.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 3 мектептің ішінде балалардың білім сапасына қатысты көрсеткіштері жақсы. Бүгін біз Савинка, Обалы, Веденовка ауылдарындағы мектептерді көрдік.

РКС: Өңірде білім сапасы 60 процент. Қазірдің өзінде 10 бастауыш мектеп жабылып, 3-і қайта құрылған. Биыл тағы 3 бастауыш мектепті жабу және шағын комплектілі 15 мектепті қайта ұйымдастыру жоспарланып отыр. Білім беру сапасын арттыру және үш ауысымда оқытуды жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске қосылды. Өңірде 2025 жылға дейін 20 мектеп салынады деген жоспар бар.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ