ДИКТОР: Өңірде тоғызқұмалақтан Қазақстанның ерлер арасындағы командалық чемпионаты өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ден астам спортшы қатысты. Басты мақсат- ұлттық спорттың әлеуетін арттыру.

РКС: Чемпионатқа қатысушылардың бірі-Азамат Қайдаров. Ол тоғызқұмалақтан Еуропа және Азия чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері.

АЗАМАТ ҚАЙДАРОВ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ: Тоғызқұмалықты көпшілігі тек қана математикалық ойын деп ойлайды. Ол, біріншіден, ұлттық өнер. Сол себепті бізді тәрбиеге баулиды.Бұл ойын 2020 жылы ЮНЕСКО мұрасы ретінде енді. Оның адамзатқа деген пайдасы көп. Мысалы, бір ойын 3-4 сағатқа созылады. Ол сабырлыққа үйретеді. Адамның логикасын да жақсы дамытады.

РКС: Түркі халықтарына ортақ мұра тоғызқұмалақ ойыны соңғы жылдары төрткүл дүниеге құлаш жаюда. Соның бір дәлелі облыс орталығында өтіп жатқан республикалық чемпионат. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 17 команда қатысты.

СНХ: БАҚДӘУЛЕТ СӘБИТОВ, ҚР МСМ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Басты мақсат-ұлттық құраманы жасарту және де соларды халықаралық жарыстарға дайындау. Тоғызқұмалақтың даму деңгейі тарихымыздан белгілі. Оның халықаралық деңгейде де дамуы жоғары. Біз осындай жарыстарды жиілетеміз. Осы өңірде өтіп жатқанына қуаныштымыз.

ИНТЕРШУМ: Жарыстан бір сәт

РКС: Бүгінде өңірде 80-нен астам тоғызқұмалақ үйірмесі бар. Онда 200-ден астам жаттықтырушы еңбек етеді. Ал облыста 9 мыңнан астам адам бұл спорт түрімен айналысады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, РАХАТ СӘЛЕЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»