Диктор: Қорғалжын ауданындағы Арықты ауылында туып-өскен Мұрат Түсіпбеков бала кезінен балуандық өнерге құштар болды. Сөйтіп ол күрестің бірнеше түрімен тұрақты айналысты. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң өзі білім алған мектепке дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып орналасты. Ол 30 жылдан бері ұстаз және бапкерлік қызметті қатар атқарып келеді.

РКС: Мұрат Дуанбайұлының шәкірттері бозкілемнің шаңын қағып, талай спорттық шыңдарға көтерілді. Арықты ауылының балуандарының алды Азия соңы облыс чемпиондары.

СНХ: МҰРАТ ТҮСІПБЕКОВ ҰСТАЗ-БАПКЕР: Біз ауылдық жерлерде көп күрестік. Сыртқа шыға алмадық. Бізге ол арман болатын. Кейіннен мүмкіндіктер туып, республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса бастадық.

РКС: Елудің бел ортасындағы ұстаз-бапкер Мұрат Түсіпбеков мұратына жетіп келеді. Ол кешегі жасөспірім кезіндегі спорттық жетістіктерін баянды етуде. Яғни, ардагерлер арасындағы бірнеше күрес түрінен Әлем чемпионаттарында жүлдегер атанды. Сөйтіп шәкірттеріне үлгі болды.

СНХ: МҰРАТ ТҮСІПБЕКОВ, ҰСТАЗ-БАПКЕР:  Шәкірттерім көп. Олар мектепте жүргенде менен тәлім алып, күрестің сан алуан түрін меңгерді. Төлеген Ерасыл спорт шеберлігіне үміткер. Еліміздің бірнеше дүркін жүлдегері. Елтай деген оқушым ел чемпионаттарында жарқырап көрініп жүр. Рамазанова Нәзира деген шәкіртім Азия чемпионы болды.

РКС: Боз кілемнен қол үзбеген Арықты орта мектебінің ұстаз-бапкері Мұрат Түсіпбеков 2022 жылы Грецияда өткен ардагер самбошылар арасындағы Әлем чемпионатында күміс медаль алып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

Қалымбек Мұхамеджанов, Дархан Мүжібаев.