ДИКТОР: 6000 жылдық тарихы бар домбыраның қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын аспап. Жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қасиетті аспаптың құрметі ерек. Көкшетауда 30 жылдан бері ағаштан түйін түйетін шебер тұрады. Оның жасаған домбыралары өнер иелерінің арасында сұранысқа ие. Шебер бүгіндері бұл өнерді балалары мен немерелеріне де үйретіп жүр.

ИНТЕРШУМ: ЖҰМЫС БАРЫСЫ

РКС: 5-6 иілген шағын тақтайшадан домбыраның жалпы сұлбасы көрінеді. Музыкалық аспаптың дыбысының сыңғырлап тұруы ең алдымен оның шанағына байланысты екенін айтады шебер. Сонымен бірге ағашына да аса мән берген жөн. Ұлттық аспап жасау оңай дүние емес, оны кез келген адам жасай алмайды. Оған алдымен талант керек. Ептілік пен музыкалық қабілеті де болуы басты ерекшелік. Бір аспапты жасауға шамамен 4 күн уақыт кетеді. Ал кейбір ерекше нұсқаларын дайындау үшін жылдап тер төгуге тура келеді. Самат Қадыралиннің шағын ғана шеберханасындағы ағаштың түр-түрінен көз сүрінеді.

СНХ: САМАТ ҚАДЫРАЛИН, ШЕБЕР: бетте Америка ашқандай мен үшін қызық болды. Ағаштың түр-түрімен жұмыс істеп көрдім. Бірақ, қызыл ағашқа тоқталдым. Американдық жаңғақ түсті. Бұл Қазақстанда жоқ, оны шетелден сатып аламын. Интернет деген біраз жұмысты жеңілдетті ғой, сондықтан жеткізуде ешқандай іркіліс жоқ. Әлемнің кез-келген бұрышынан тапсырыс беріп алдыруға болады. Тіпті қылдың өзін Жапониядан алдырам.

РКС: Шағын шеберханада үлкен сахнаға арналған музыкалық аспаптар жасалады. Ең алғашқы бетте шебер ағаштан түрлі кішкентай кәдесыйлар дайындаған. Ал қазір оның қолынан шыққан аспаптар түрі оқу орындарында шәкірт тәрбиелеуге қолданылуда. Жеке тапсырыс берушілердің қатары да жыл санап көбейе түскен. Аспап жасау оңай шаруа емес. Бұл іске енді немерелері де көмектесіп жүр. Самат Қаршалұлы оларға жастайынан ағаштан түйін түюді үйретуден жалыққан емес. Немерелердің үлкені ағашты сүргілесе, кішісі кеседі.

СНХ: РУСЛАН ҚАДЫРАЛИН, НЕМЕРЕСІ: Атама бұрыннан қөмектесемін. Ағашты егеймін. Қазір домбыраға жаңа өрнекті салып жатырмын. Көлемі кішкентай домбыра да бар. Оны бір жарым жыл бұрын жасадым. Әдетте өзім үшін түрлі қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысамын.

РКС: Шебер өзінің ұстаханасында 10-ға жуық оқушы тәрбиелеп шығарды. Шеберханасын кеңейту ойында жоқ екенін айтып қалды. Өйткені, жалғыз өзі үшін осы орын жеткілікті. Ағаш шебері әр тапсырысқа бар өнерін салып, жоғары жауапкершілікпен жасауды өзінен талап етуді үйренген. Жұмысына сын айтылса, оны жақсы қабылдап, кемшілігін түзеуге дайын екенін айтады. Сондықтан да оның өнімі Ақмола өңіріне ғана емес, Қазақстанның барлық аймағында жоғары сұранысқа ие.

РАУЗА ТӨЛЕУЖАНҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.