ДК: Жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Былтыр 7 мыңға жуық жас жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, 24 жасқа дейінгілер мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылып жатыр. Өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,2 процентті құрап отыр. Сала мамандары бұл республикалық деңгейден төмен екенін айтады.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән беру қажет екенін айтты. Бұдан бөлек, биыл жастар санатына кіретіндердің жасы ұлғайды. Яғни, 35 жасқа дейінгілер жастар тізіміне ілігіп отыр.

СНХ: АЗАМАТ ЖАНБЕТАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Статистика бойынша жастардың жасы ұлғаюы нормативтік құқық жөнніде әлі енгізілмеген. 26 ақпан заңға енгізілгеннен бастап біз жастар тәжірибесіне бірінші жұмыс орындарына 35 жасқа дейінгі адамдарды жіберетін боламыз. +++Жоспар бойынша 6,5 мың жасты жұмыс орындарымен қамту жоспарланған. Жыл қорытындысы бойынша 7104 адам жастарды қамтып отрымыз. Оның ішінде 4144-і ауылдық жерлерден.

РКС: Сондай-ақ, жастарды жұмысқа орналастыруға қатысты өңірде түрлі шаралар қолға алынған. Бұл жұмыстан жастар ресурстық орталығы да тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда облыс бойынша осындай 20 орталық бар. Олар жастардың өзін-өзі дамытуы үшін ашық кеңістіктер құру арқылы жұмыс істейді. Облыс бойынша осындай 80-ге жуық іс-шара өткізілді.

СНХ: МАҚПАЛ ЖАНАРЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Біз жастарға түрлі қолдау көрсетеміз. Оның ішінде жұмысқа орналасу бойынша, заңгерлік және депозит ашу және тұрғын үй шоты бойынша кеңес береміз. Сондай-ақ, тоқсан сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін мен кездесулер өткіземіз. Биыл ірі кәсіпорындардағы бос орындар жәрмеңкесінің жаңа форматы жоспарланған.

РКС: Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары қолға алынбақ. Бұл тұста 1 мыңнан астам жас қамтылады. Әсіресе жастар тәжірибесінен өтушілердің қатары көп. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға да тартылуда. Биыл 200-ге тарта жасқа жылдық мөлшерлеме 2,5 процентпен шағын несие беру де жоспарланып отыр.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ