ДК: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі кәсіпкерлерді қорғау мақсатында «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Кәсіпкерлерге түрлі әкімшілік, құжаттарды рәсімдеу кезіндегі кедергілерді жоюға жәрдемдесу. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілер тарапынан қабылданатын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету де жобаның басты көздегені.

РКС: Аталған жобаның қолға алынуы сөзден нақты іске көшудің дәлелі болса керек. Кәсіпкерлердің алдынан шығатын түрлі кедергілерді шешуге зор үлес қосатын жобаға айналады деп сенеміз,-дейді сала мамандары.

СНХ: АРМАН РАХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: /Облыста қазірдің өзінде оң нәтижелер бар. Жақында ғана жүк тасымалдаумен айналысатын 209 кәсіпкердің құқықтары қорғалған болатын. Аталған кәсіпкерлер арнайы рұқсатсыз жүктің салмақ өлшемдерінің асырылғаны туралы күдікті «ҚазАвтоЖол» -дан хабарлама алған. +СКЛ+Алайда жүк тасымалдаушылар әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын хабарламамен келіспей, тиісті наразылығын білдірді.

РКС: Бұл келеңсіздік бойынша жергілікті департамент көлік прокуратурасымен, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жүк тасымалдаушылардың рұқсат беру құжаттары мен өлшеу құралдарының техникалық сипаттамаларын зерттеген. Оның қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің тұжырымдамалары дәлелденіп, аталған мерзімде өлшеу жүйесінің жұмысында қателіктердің орын алғаны айқындалған.

СНХ:РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: К примеру за 2022 год в адрес РПП поступило 350 обращений по линии защиты бизнеса, из них положительно решены 113 (36,7%). Сумма защищенных прав предпринимателей более 179 763 764 млн. тенге.

Мысалы, былтыр аймақтық кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғауға қатысты 350 арыз-шағым келіп түскен. 113 кәсіпкердің мәселесі шешілді. 180 миллион теңгеге жуық сомаға кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

РКС: Айта кетейік, өңірлерде бизнес өтініштерді қабылдайтын арнайы алаңдар мен байланыс арнасы да істейді. Сонымен бірге антикордың Call орталығына 1424 нөмірі арқылы хабарласып ақпарат алуға болады.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ