ДИКТОР:Аймақта өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері басты назарда. Осы санаттағы 8 мыңға жуық отбасы есепте тұр. Құтқарушылар дабылқаққыштарды 432 үйге орнатуды жоспарлап отыр.


РКС: Көбінесе өрт жекеменшік секторда орын алып жатады. Сондықтан құтқарушылар жыл сайын осындай дабылқаққыштарды орнатады.Жергілікті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларының алдын алуға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Пешті, электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі ережелерді де ұдайы түсіндіріп отырады.

СНХ:МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ,КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Айлық шеңберінде тұрғын үй секторын, пәтерлерді, аулаларды аралаймыз. Әсіресе, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы отбасылар сияқты әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше назар аударылады. Олардың үйлеріне газды анықтау датчиктері орнатылады және пештің мұржаларытазартылады.

РКС: Өткен жылдың қазан айынан бастап 1341 улы газ дабылқаққышы орнатылды. Жекеменшік сектордың бәрін аралап шықтық деуге болады.Халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде өрт сөндірушілерге жергілікті полиция қызметі, атқарушы органдар мен волонтерлер көмек көрсетуде.

СНХ: АҚЖҮНІС ОЛЖАБАЙ, ВОЛОНТЕР: «Қазақстанның Қызыл жарты ай» қоғамының волонтерлерімен және төтенше жағдай департаментімен бірлесіп үй-ұйді аралаймыз, көмектесеміз. Біз осындай іс- шараларға және басқа ұйымдармен белсене қатысамыз.

РКС: Өрт қауіпсіздігі айлығы 1 наурызға дейін жалғасады. Құтқарушылар ақмолалықтарды қырағы болуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Облыс аумағында жылу беру маусымы басталғалы өрт оқиғасының 200 дерегі тіркелген.

РАУЗА ТӨЛЕУЖАНҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.