ДК: 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға дайындық жұмысы басталды. Мәжіліс депутаттарының 70 проценті партиялық тізім арқылы, ал қалған 30-ы бірмандатты округтерден сайланады. Үміткерлер сайлауға партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан қатысуға құқылы және өзін-өзі ұсынуға да мүмкіндік бар.

РКС:Мәжіліс депутаттарының сайлауында 12 млн-ға жуық азамат өз таңдауын жасайды. Дауыс беру күні өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әр азамат дауыс беру күніне 30 күн қалғанда жергілікті әкімшілікке барып өтініш береді. Яғни, 17 ақпаннан кешіктірмей, дәл сайлау күні болатын сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы. 4 наурыздан бастап тұрғындар тіркелген мекенжай бойынша сайлаушылар тізіміне қатысты ақпаратты әкімдіктің сайты немесе колл-орталығы арқылы тексере алады.

СНХ:МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ең бірінші біз айтатынымыз, біздің барлық осы Ақмола облысының 728 сайлау учаскесі бар. Оның 700-і сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша, 28 уақытша дейміз ғой, ауруханаларда, санаторийлерде, тергеу абақтысында, Көкшетау қласындағы. Ал негізгі сайлау комиссиясын алсақ, бізде барлығы 994 саулау комиссиясы, оның бірі облыс, 20-сы қала және аудан комиссиялары бар.

РКС: Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау саяси партиялар емес, нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін әдіс бойынша жүргізіледі. Әзірге үміткерлердің тізімі нақтыланған жоқ. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда басталып, 17 наурыз күні аяқталады. 18 наурыз тыныштық күні. Ақмола өңірінде 515 мыңнан астам азамат сайлауда дауыс беруге құқылы.

БЛИЦ:

- Сайлауға барамыз, иә. Жақсылық күтеміз. Тыныштық болсын, амандық болсын. Қазақстанымыз аман болсын.

- Сайлауға барам, дауыс береміз. Керемет нәтиже күтеміз барлығынан.

- 19-ы күні сайлау болады. Сол кезде депутаттардың жақсылығын, жақсы адамдардың сайланғанын қалаймын. Өмірімізді жақсартса деген ойымыз бар.

РКС: Жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы 350 мың теңге. Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат депутат болып сайланса, сондай-ақ, сайлаушылар дауысының кемінде 5 процентін жинаса, немесе үміткер қайтыс болған жағдайда жарна кері қайтарылады.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ