ДК: Назарбаев зияткерлік мектебінде қыш студиясы ашылған. Түрлі мүсін, құмыралар мен ыдыс-аяқтарды тек жәрмеңкелерде ғана көретін балалар бұл жерде оны өз қолымен дайындауға машықтануда. Саз балшықпен жұмыс істеу арт-терапияның бір түрі дейді мамандар. Қыш студиясының жетекшісі Арман Исенов ең алдымен балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге үлес қоссам дейді. Балалардың шығармашылық өнерімен танысып қайтқан тілшіміз баяндасын.

ИНТЕРШУМ: түрлі дайын өнімдер көрсетіледі (музыкамен)

РКС: Саз балшықтан жасалған туындыларда ұлттық құндылықтың құпиясы жасырынғандай. Студия жетекшісі Арман Елжасұлы сол құпияның сырын ашып, үйренушілерге тың мәлімет беріп келеді.

СНХ: АРМАН ИСЕНОВ, ҚЫШ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІС: Қазіргі заманауи технология қарыштаған уақытта балаларды ұлттық салт-дәстүрге бейімдеу қажет. Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңірсем деген ой.

РКС: Балалардың қыштан түрлі бұйым жасауға қызығушылығы жоғары. Оны жетік меңгеру үшін шыдамдылық пен ұқыптылық қажет. Саз балшық Ақмола өңірінің Аршалы, Зеренді және Бурабай мен Сандықтау аймақтарынан әкелінеді. Табиғи ерекшелігіне сәйкес, ол ақшыл және сұр түсті болып келеді екен. Сондықтан оны іздеуде аса бір қиындық туындамайтын көрінеді.

STAND-UP: ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ТІЛШІ: Мұғалім дайындап берген мына кескіннен әрі қарай мен де бір дүние жасап көрейін. Бір қараған адамға кір болып көрінгенімен, саз балшық өте кірпияз екенін айтады шеберлер. Саз балшықпен үнемі жұмыс істеген адамның денсаулығына да көп көмегі бар екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Өйткені, оның құрамында 60 процентке жуық кальций элементі бар көрінеді. Саз балшықты қолмен ұстаған адамның алақаны арқылы организмге пайдалы витаминдер тарайды. Екіншіден, илеген сайын адамның саусақ сүйектері қатаяды. Тағы бір ерекшелігі, саз балшықты илеу арқылы түрлі жүйке жүйесі ауруларының алдын алуға болады екен.

СНХ: БЕКЗАТ ҚАЗИКӘРІМ, ОҚУШЫ: Саз балшықпен жұмыс істеу бала күнгі арманым болатын. Өйткені, ағам айналысатын. Бірақ, бірдеңені бүлдіріп аламын ба деп қорқатынмын. Өткен күзде Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданған соң, осындай студия бар екенін біліп, келдім. Арманымды жүзеге асырып жатырмын.

СНХ: ЗЕРЕ СЕЙІЛХАН, ОҚУШЫ: Менің атым Зере. 7 сынып оқушысымын. Ағайға келіп, осы жерде саз балшықтан түрлі ыдыстар жасауды үйреніп жүрмін. Менің арманым болатын. Өзіме қатты ұнайды.

РКС: Балалардың қолынан шыққан дүниелер бір-екі аптадай арнайы сөреде кептіріледі. Одан кейін қос пеште мың градустан жоғары температурада күйдіріледі. Кішкентай ғана мынадай кәдесыйды жасаудың өзіне кейде екі-үш апта қажет, -дейді шебер. Саз балшық өнеріне негізінен оқушы қыздар көбірек ден қойғанын байқадық. Өйткені, ол ең алдымен нәзіктікті талап ететін өнер.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ