ДИКТОР: Көкшетауда шорт-тректен Қазақстан Республикасы кубогының 1-ші кезеңі басталды. Бірнеше облыстың кіл мықты ұл-қызы жүйрік спортшы атанып, ұлттық құрамаға кіру үшін бақ сынаспақ.

РКС: Шорт-тректен мұндай деңгейдегі жарыс Көкшетауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кубокқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласының шорт-трекшілері қатысуда. Жарыстың салтанатты ашылуында конькишілермен қатар, балғын мәнрлеп сырғанаушылар жа өнер көрсетті.

ИНТЕРШУМ: мәнерлеп сырғанаушылардың биі

РКС: Ақмола облысының конькишілер мектебі 2019-шы жылы ғана құрылған. Жергілікті шорт-тректің құрылуына және осы турнирді ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Петр Гамидов зор үлес қосты.

СНХ: ПЁТР ГАМИДОВ, ШОРТ-ТРЕКТЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:  Кеше төрешілермен жеребе тастау рәсімін өткіздік. Төрешілерді таныстырдық. Командалар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Барлық команданы орналастырдық. Сайыстың салтанатты ашылуы өтті. Алда әлі екі күн бар, ертең 500 метрге жүгіру, одан кейінгі күні 1 мың метр қашықтықты бағындыру қажет. Ал соңғы күні финал.

РКС: Жасөспірім конькишілерден бөлек қатысушылардың арасында спортың нағыз майталмандары да бар. Солардың бірі –Әлішер Абулкатимов. Демалуға уақыт жоқ деп күледі спортшы. Ол Батыс Қазақстан облысының намысын қорғауға келіпті. Әлемдік деңгейдегі турнирде шыныққан халықаралық дәрежедегі спорт шебері сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады.

СНХ: ӘЛІШЕР АБУЛКАТИМОВ, КОНЬКИШІ /ОРАЛ ҚАЛАСЫ: Мұндай кең ауқымды жарыстар алғаш рет өткізілп отыр. Біз кеше ғана Американың Лейк-Плэсиде қаласында өткен Универсиададан ұшып келдік. Ол жерде 2 мың метрлік қашықтықта аралас микс эстафетасында күмілс жүлдегер атанып қайттық. 12 жылдан астам спорттың осы түрімен айналысамын. Алғашында ата-анам жетелеп әкелген еді. Көкшетауға Орал қаласының құрамасымен бірге келдім. Ерлер арасындағы 5 мың метрлік және 2 мың метрлік аралас эстафетада командамның намысын қоғамақ ниеттемін.

РКС: Осы сайыста өнер көрсетіп жатқандардың арасынан 23 спортшы ел құрамасына іріктеліп алынады. Айта кетейік, жарыс 28-ші қаңтарға дейін жалғасады.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ