ДК:Ақмола облысы бойынша Атбасар, Целиноград, Сандықтау, Аршалы аудандары су тасқыны орын алуы ықтимал аймақтардың қатарында. Қазіргі таңда оның алдын-алуға қатысты жұмыстар жүргізілуде.

РКС: Атбасар мен Сандықтау аудандары ең қауіпті аймақтың қатарында. Қос ауданның атқамінерлері алдын-ала жұмыс жоспарын бекітіп, нақты іске көшкен.

СНХ: ЕРБОЛ СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, АТБАСАР АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: 2023 жылдың көктемгі су тасқынына қарсы дайындық іс-шараларын, күз айында бастап кетті. Аудан әкімімен бекітілген инженерлік қорғау жоспарына сәйкес 11 елдімекенде іс-шаралар атқарылған. Атап айтатын болсақ, өзен арналарын жабайы өсімдіктерден тазарту. Сонымен қатар, арықтарды тазарту. Бекеттердің іргесін нығайту жұмыстарын жүргізілген болатын. Қазіргі таңда елдімекендерден қарды шығару. Сонымен қатар, көктемнің келісімен мұзды жару және босату жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізіліп. Қазіргі таңда мердігер анықталды.

РКС: Ал, Сандықтау ауданындағы қауіпті деп саналған елдімекендерге шығатын арнайы мобильді топ жасақталған. Сонымен қатар қажетті құрал-жабдықтар да түгенделген. Қазіргі уақытта 386 тонна инертті материал, 1 мың дана полипропилен пакеті дайындалды.

СНХ: ЮРИЙ ЛЫСАКОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Дайындыққа қызу кірісіп кеттік. Сандықтау ауданының төңірегінде 8 су нысаны бар. Соның ең қауіптісі Жабай мен Сарқырама өзендері. Ауданның аумағында 13 ауылдық округ пен 1 ауыл бар. Су тасқынының алдын алуға күзден басталған жұмыс бүгінгі күні қыза түскен. Елдімекендерден 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды. 500 метрдей уақытша бөгеттер нығайтылды. 1,5 шақырым су ағызатын арық жасақталды. Сондай-ақ 10 шақырымға жуық арық тазаланды.

РКС: Ал «Қазгидромет» мамандары ақпан айында қар жауып, бұрқасын болатынын болжап отыр.

СНХ: ЛАРИСА ГОНЧАРОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Средняя за месяц температура воздуха в феврале ожидаются около нормы-15 С. Осадки, метель, ветер с порывами 15-20 м/с ожидаются часто в течение месяца. Туман возможен в начале первой и второй декад. Гололед вероятен в начале месяца.Количество осадков за месяц ожидается около нормы 17 мм. В марте средняя за месяц температура воздуха и количество осадков ожидаются около нормы. Нормы температуры воздуха за март -7 С. Количество осадков за март 18мм.

 Ақпан айында ауа температурасы 15 градус шамасында суық болады деген болжам бар. Ай бойы желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Ақпанның бірінші және екінші онкүндігінің басында тұман түсуі ықтимал. Айдың басында көктайғақ болады. Жауын-шашын мөлшері нормаға сай, яғни 17 мм.шамасында түседі деген болжам бар. Наурыз айында да нормадан еш ауытқымайды. Бұл айда ауа температурасы 7 градус шамасында салқын болады.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ