ДИКТОР: Жыл сайын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы бизнес және құқық мектебін 300-ден астам түлек тәмәмдайды. Білім алушылар өз жобаларын жоғары оқу орнының қабырғасында жүрген кезден-ақ жүзеге асыра алады. Осылайша 2 жылда қос студенттің бастамасы іске асқан.

РКС: Меруерт Зүлпанова Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті. Ол жоғары оқу орнының қабырғасында өз кофеханасын ашқан. Жобаға 2 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Бүгінде кәсіп ашуға қажет барлық техника сатып алынып, құжаттары дайындалды.

СНХ: МЕРУЕРТ ЗҮЛПАНОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл жерде студенттер кофе ішу барысында әңгімелесіп, ойларын ортаға салады. Алдағы уақытта университеттің басқа да нысандарында осындай кофехана ашуды жоспарлап отырмыз. Мұндағы баға да көңілге қонымды. Студенттердің қалтасы көтеретіндей етіп істедік.

РКС: Мұндай стартап жобаларын студенттер ғана емес, оқытушылар да аша алады. Арман Хабдуллин Көкшетау қаласында жұмыс істейтін 20 медиатордың бірі. Университет қабырғасында медиация мектебін ашқысы келгеніне 10 жылдан асқан. Алайда, бұл жоба былтыр ғана жүзеге асыпты.

СНХ: АРМАН ХАБДУЛЛИН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл орталық медиация және заң клиникасының оқу- өндірістік зертханасы деп аталады. Мұнда біз көмек сұрап келген адамдарға құқықтық қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз-тұлғааралық қақтығыстарды реттеу. Әсіресе студенттердің арасында мұндай жағдай жиі кездесіп жатады.

СНХ:АБАЙ ЫСҚАҚОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысы туристік аймақ. Қазіргі уақытта біздің университеттің студенттері туризм, қонақ үй, мейрамхана ісі сынды факультеттерде білім алады. Қаржылай көмек болса, білім алушылардың бизнес идеяларын іске асырығымыз келеді.

РКС: Мұндай стартап жобалар осымен 3 жыл қатарынан жүзеге асып жатыр. Бүгінде университетте 4 жоба жұмыс істеп тұр. Оған жыл сайын 8 миллион теңге бөлінеді. Алдағы уақытта тағы да 5 студенттің бастамасына қолдау көрсетуді жоспарланған.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»