ДК: Биылғы жылу беру маусымы кезінде облыс аумағында 200 жуық өрт жағдайы тіркелген. Материалдық шығын көлемі 35 миллион теңгеден асады. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығының үшінші кезеңі өтеді.

РКС:Өрттің салдарынан 9 адам көз жұмды. Тұрғындар автономды жылу беру және электр құрылғыларын орнату кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамайды. Оның соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырып жататыны өкінішті.

СНХ:ӘСЕТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жекеменшік сектордағы тұрғындар пеш орнату және оны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. Сыртқы және ішкі құрылым арасындағы кеңістіктің дұрыс болмауынан 36, жанғыш материалдардан жасалған нысандардың жылу беру агрегаттарына жақын орналасуы салдарынан 25 өрт орын алған. Сондай-ақ, күлдің арнайы орынға төгілмеуінен де түрлі келеңсіздіктер тіркелген. Оқыс оқиғалар ескі үйлердегі электр сымдарының тозығы жеткендігінен орын алғандығын да айтуымыз керек. Екіншіден арнайы маманға емес, тұрғындардың өздері орнатқан кезде тиісті ережелер сақталмайды.

РКС:Жылу беру маусымының басталған тұста төтенше жағдайлар қызметінің мамандары облыс бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізген. Оның барысында 8 мыңға жуық өңір тұрғынына қауіпсіздік ережесіне қатысты түрлі ескерту жасалған. Осындай келеңсіздіктер анықталған кезде айыппұл салынбайды. Сондықтан болар, халық өрт қауіпсіздігінің қарапайым шарттарын орындауға келгенде құлықсыздық танытады. Жауапкершілік жоқ.

СНХ:ӘСЕТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Өңірдегі қылыптасқан жағдайға байланысты департамент өрт қауіпсіздігі айлығының 3-кезеңін өткізу туралы шешім қабылдады. Ол 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша халыққа қауіпсіздік шараларының маңыздылығы мен ережелерін түсіндіруге тырысамыз. Жергілікті полиция қызметкерлерімен үй-үйді аралап, тұрғындармен әңгімелесеміз. Сонымен қатар, білім ошақтарында мектеп оқушыларына дәрістер мен интерактивті сабақтар өткіземіз.

РКС:Тілсіз жаудың санын мейлінше азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықтың тізімі жаңартылды. Департамент мамандары тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, абай болуға шақырады.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ