ДК: Шетелдік студенттер еліміздің зааманауи білім беру жүйесінде ерекше орын алатыны сөзсіз. Ал олардың өңірдегі оқу орындарында білім алуы рейтингті арттырып, сұранысқа ие екенін көрсетеді. Соңғы 5 жыл көлемінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде шетелдік студенттер білім алуда. Олардың негізгі бөлігін Оңтүстік және Орталық Азия елдерінен келгендер құрап отыр.

РКС: Шетелдік студент Вишну Гопал Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жоғары медицина мектебінің 5 курсында оқиды. Студент екі ел арасындағы арақашықтыққа аса мән бермегенін айтады. Қазір ол қалаға алғаш келген сәттерін есіне алады. Солтүстіктің суығы мен қазақтың етіне ерекше тәнті болған. Интернатураны тәмамдаған соң Қазақстанда қалуды жоспарлап отыр.

СНХ: ВИШНУ ГОПАЛ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТІ: Білім беру сапасы жоғары. Оқытушылары да жақсы, ағылшын тілін жетік біледі. Бізге кез келген мәселе бойынша көмек береді. Сұрақ туындай қалса, қоңырау шалып, кеңес ала аламыз. Болашақта осында қалып, жақсы жұмыс таба аламын деп үміттенемін.

РСК: Қазіргі таңда жоғары медицина мектебінде шетелден келген 400-ге тарта студент білім алып жатыр. Бағдарламаны ағылшын тілінде меңгеруде. Алайда жергілікті ауруханаларда теорияны тәжірибемен ұштастырады. Сондықтан соңғы курстарда қазақ және орыс тілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.

СНХ: СВЕТЛАНА МҰРАТБЕКОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Шетелдік студенттер арасында Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Болашақ» грантын жеңіп алған үш студент бар. Еліміз бойынша медициналық жоғары оқу орындарының арасынан бізді таңдапты. Студенттер ағылшын тілінде ғана емес, орыс тілінде де дәріс алады. Алдыңғы курстарда қазақ, орыс тілдерін үйренген. Сонымен қатар қосымша сағаттар алып, оқыды. Өйткені, тәжірибеден өткен кезде науқастармен сөйлесу үшін аса қажет.

РКС: Ақпан айынан бастап оқуда үздік атанған шетелдік 10 студент университеттің шәкіртақысына ие болады. Оқытушылардың айтуынша, бұл білім алушылардың дайындығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізбек.

АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ