ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Сарыкөл ауылында әскери қызметші жанып жатқан қос пәтерлі тұрғын үйдің ішінен екі баланы алып шықты. Қазіргі уақытта бүлдіршіндердің жағдайы бірқалыпты. Олар дереу емханаға жеткізіліп, алғашқы көмек алды.

РКС: Көршісінің үйі өртеніп жатқанын көрген Әділхан Қазыбай көп ойланбастан оқиға орнына қарай асыққан. Ол отқа оранған үйге жеткенде пәтерде екі балам қалды деп жылаған ананы көріп, бірден әрекетке кіріседі. Әділхан бүлдіршіндерді аман алып қалу үшін терезені сындырып, жалындаған оттың арасына екі рет кірген. Осылайша ол бірінші 2015 жылы туған жеткіншекті, кейін 3 жасар баланы құтқарды. Бүлдіршіндер қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін көп ұзамай газ баллон жарылып, үйдің төбесі опырылып түскен. Айта кетейік, Әділхан Қазыбай ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіне қарасты әскери бөлімде қызмет атқарады. Қазір ол еңбек демалысында.

СНХ:ӘДІЛХАН ҚАЗЫБАЙ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ 01068 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КІШІ СЕРЖАНТЫ:  7 жасар қызы бұрышқа тығылып қалыпты. Сол тығылған жерден тауып алдым. Ес-түссіз жатыр екен. Ол қызды апарып көтеріп бердім. Терезеден анасы күтіп алып, көрші үйге алып кетті. Екінші баланы қолыма телефонымды ұстап, фонарик жағып іздей бастадым. Ол да бұрышқа қарай тығылып қалыпты. Талып қалыпты. Оны да терезеге қарай көтеріп апардым.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»