ДИКТОР:2020 жылдан бастап ғалымдарды гранттық және бағдарламалық қаржыландыру үшін арнайы конкурстар өткізіліп келеді. Аталған жұмыстар ғылыми саланың қарқынды дамуына бағытталған. Ал ғылым мен технологияның ілгері жылжуына үлес қосып жүрген ғалымдар мен сала мамандарын ынталандыру мақсатында арнайы сыйақылар мен мемлекеттік стипендия тағайындалады.

РКС:Өткен жылдың қазанынан бастап республика бойынша «Жас ғалым» жобасы іске қосылды. Аталмыш жобаға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жас ғалымдары мен зерттеушілері де қатысқан. Байқаудың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, жоғары білікті жастарды бір арнаға тоғыстыру.

СНХ: МӘРДЕН БАЙДАЛИН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жобаға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарымыз қатыса алады. Өткен жылы конкурсқа 4 ғалым өтініш жіберген. Олардың жобалары мақұлданып, Білім және ғылым министрлігімен 19 мнл. теңге көлемінде грант бөлінген. Қазіргі таңда олар ғылыми жобаларын жүзеге асырып келеді. Сондай-ақ, жас ғалымдар қатыса алатын университетішілік байқау да бар.

РКС:Елдос Сатыбалдинов жоғары медицина мектебінің 4 курс студенті. Ташкент медицина академиясының 100 жылдығына арналған ғылыми конференцияда қазақстандық делегаттар арасынан жалғыз лауреат атанған. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Ресейде өткізілген ірі халықаралық ғылыми конференциялардың жеңімпазы.

СНХ:ЕЛДОС САТЫБАЛДИНОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТІ: Бүгінгі таңда травматология бойынша жасалған жұмыстардың бірі – көміртегі негізіндегі протездеу. Және де, ғылыми мақалалардың негізінде және көптеген конференциялар негізінде бұл жобамыз жоспарлы түрде клиникаға енгізіледі. Сондай-ақ мемлекет пен университет тарапынан материалдық ғылыми базасы жабдықталғандықтан, сондай-ақ көпбейінді облыстық ауруханасының траматология және ортопедия бөлімшесінің көмегімен біз осы жобаларымызды сәтті түрде клиникаға енгізудеміз.

РКС:Сонымен қатар, білім ордасында студенттер мен оқушылардың қызығушылығы мен зерттеу құзыреттілігін арттыруға бағытталған ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Университетте барлық бағытты қамтитын 30-ға жуық топ құрылған.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ