ДК: Өңірде пияз бағасы соңғы бір аптада 4,5 процентке қымбаттады. Оның құны 20 теңгеге көтерілген. Бірақ сала мамандары дүрлігуге еш негіз жоқ деп отыр. Аймақ 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, басқа да азық-түлік түрлері қымбаттаған. Келесі сюжетте әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы баяндайды.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Қаңтар айында өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы белгіленген шекті мөлшерден 1,1 процентке артқан. Әсіресе, күріш бағасы 2, пияз 4,5, тауық еті -3 ,сәбіз-1,3 процентке қымбаттаған.

ГРАФИКА:

КҮРІШ- 2 %

СӘБІЗ-1,3 %

ПИЯЗ- 4,5 %

ТАУЫҚ ЕТІ - 3 %

РКС: Бүгінде облыстың тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар 68 мың тонна тауар сатып алынды. Пияздың және басқада азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 4,2 млрд теңге бөлінген. 492 меморандум жасалды.

СНХ: ЖАСЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:   Қазір пияз жоғары сұранысқа ие тауарға айналды. Өздеріңіз білесіздер, ведомствоаралық комиссия үш айға пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бірақ біз өңірде пияз тапшылығына жол бермейміз. Осы мақсатта қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр.

РКС: Биыл елімізде 1,1 млн тонна пияз өндірілген. Халықтың тұтынуына ай сайын 30 мың тонна пияз қажет.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Былтыр 800 мың тонна пияз өзімізге де, экспорттауға да толық жетті. Биыл әлем бойынша өте қиын жағдай туындап тұр. Негізгі пияз өндіруші елдер түрлі табиғи себептерге байланысты жылдағы көлемді бере алмады. Мысалы, Пәкістанда қиындықтар бар. Бұл ел пияздың әлемдік қоймасы саналады. Алайда онда су тасқыны, қуаңшылық болды... Қазір Қазақстанда пияздың 100 мың тоннадан аса қоры бар. Ерте пісетін пияз жеткізілгенше, көктемге дейін осы пиязды сақтауымыз керек. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия пиязды сыртқа шығаруға шектеу қойды

РКС: Соңғы екі жылда елде де, сыртта да пиязға деген сұраныс артқан. Алайда су тапшылығы бар. Көрші елден алуға мәжбүрміз. Қазір пияз өсіретін шаруашылықтар үшін тамшылатып суару әдісі тиімді болып тұр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ