ДК:Бүгіннен бастап Қазақстанға өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Акция шілденің біріне дейін жалғасады. Ал уақытылы заңдастырылмаған көліктердің сақтандыру полисі мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

РКС:Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктерді, шағын және орта сыйымдылықтағы автобустарды, шағын жүк көліктер мен басқаруы оң жақтағы автокөліктерді заңдастыра алады. Тіркеудің жарнасы 200 мың теңге. Сондай-ақ, техпаспорт үшін 4 313, және мемлекеттік нөмір үшін 10 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Заңдастыру үшін қойылатын негізгі талаптар: автокөліктің криминалдық есепте болмауы, бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы керек. Сонымен қатар еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінсе, кедендік тазартудан өтуі қажет.

СНХ:ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Өтінімді электрондық үкімет порталы, немесе, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығына келіп беруге де болады. Қазіргі уақытта облыс бойынша 23 орталық жұмыс істеп тұр. Ондағы қызметкерлер ресімдеу тәртібін түсіндіріп, онлайн режимде өтінім беруге көмектеседі.

STAND-UP:ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ТІЛШІ: Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары бір реттік акция ретінде ұйымдастырылып отыр. Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелдік есепке алынған автокөліктерді сатып алғаннан кейін+скл+10 жұмыс күні ішінде тіркеуі қажет.

РКС:Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлікті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсыну қажет. Сол жерде ішкі істер органдарының сарапшы-криминалисі салыстыру жүргізеді. Осы процедураларды өткеннен соң екі күн ішінде көлікті заңдастыруға болатыны немесе жарамайтыны жөнінде шешім шығарылады. Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш берушінің ұялы телефонына қысқаша хабарлама жіберіледі.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ