ДК: Демалыс күндері 5510 әскери бөлімінде сарбаздар салтанатты түрде ант берді. Қазақстанның 8 өңірінен 200-ден астам әскер қатарына шақырылғандар Ұлттық ұланның қатарын толықтырды.

ИНТЕРШУМ: туды көтеру

РКС: 5510 әскери бөліміндегі сарбаздар салтанатты түрде Отан алдындағы борышын адал өтеуге серт берді. Ақмолалықтардан басқа, Қарулы Күштер қатарын Қызылорда, Түркістан, Алматы және басқа облыстардан келген әскерге шақырылушылар толықтырды. Мемлекеттік ту көтерілгеннен кейін 5510 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы Өміржан Сахатов сарбаздарды құттықтады.

СНХ: ӨМІРЖАН САХАТОВ, №5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ: Жас сарбаздар елі алдында батыл әлі тәртіпке бағынуға, мемлекеттік және әскери құпияны қатаң сақтауға ант беріп жатыр. Жүктелген міндетті, әскери жарғы талаптарын, командирлер мен басшыларының бұйрықтарын мүлтіксіз орындау да олар үшін басты қағида. Қиындықтардан мойымай өту қажет. Қызметіне адалдықты сақтау да басты принципке айналуы шарт. Осылайша жас сарбаздар Отанды қорғауға, халықтың қауіпсіздігіне, оның жарқын болашағына тікелей жауапкершілікті арқалайды.

РКС: Салтанатты шараға облыстық полиция департаментінің бастығы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қатысты. Ұлттық Ұлан мен ардагерлер кеңесінің өкілдері де жаңадан қатарға қосылған сарбаздарға ақжолтай тілектерін арнады. Баласының ант беру рәсіміне келген ата-ананың қарасы қалың. Бәрінің көзінен болашақ Отан қорғаушының еліне адал қызмет етуін тілеп тұрғанын байқамау мүмкін емес.

СНХ: СЕЙІТҚҰЛ БЕГМАНОВ, САРБАЗДЫҢ АТА-АНАСЫ (ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ):

РКС:Ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл жолы сарбаздар қоян-қолтық ұрыстан көрсетілім ұсына алмады. Салтанатты шарадан соң оларға ата-аналарымен бір күн болуға рұқсат берілді.

СНХ: ТЕМІРЛАН КӘРІМЖАНОВ, №5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:  Бұл күн осы әскерилер үшін ғана емес, ата-аналар мен әскери бөлім үшін де ерекше. Мемлекет үшін маңызы тіптен бөлек. Өйткені Отанды қорғау-әр ер азаматтың борышы мен міндеті. Бір ай көлемінде біз оларды әскери қызметті өтеу кезеңіндегі алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырына үйреттік.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ