ДК:«Еңбек-елдің мұраты» жобасы аясында Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Шияп Әлиевтің 80 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Жерлестері белді азаматын Ақмола облысының орталығын Көкшетау қаласына көшіруге, сонымен қатар ағартушы, азаматтық құқықтар мен халықтың бостандығы үшін күрескен Наурызбай Таласовтың есімін жаңғыртуға зор үлес қосқан қоғам белсендісі ретінде таниды. Елге сіңірген адал қызметі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

РКС:Шияп Шарапүлы Зеренді ауданына қарасты Баратай ауылында дүниеге келген. Бала кезінен техникаға әуестенген ол автокөлік жүргізушісі болуды армандаған. Әскер қатарына шақырылғанға дейін «Бұлақ» кеңшарында бір жылдай жүргізуші болып еңбек етті. Міндетті борышын өтеп келген соң 1977 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады. Алғашқы еңбек жолын Пахарь сегіз жылдық мектебінде бастайды. Ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсібилігін көрсеткен Шияп Шарапұлы бір жылдан соң Абай ауылындағы орта мектепке директор болып тағайындалады.

СНХ:АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Менің мақтанатыным, Шияп ағамыз Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі. Сонау 1965-66 жылдары алғашқылардың бірі болып, сол кезде институтта үш-ақ факультет болған екен. Физика-математика, филология және шет тілі. Міне сол мамандықта оқып, одан кейін әскер қатарында болып, Көкшетау, Зеренді өңірінде мұғалім, аудан оқу-білімінің басшысы, кезіндегі Көкшетау+скл+Солтүстік Қазақстан облыстарындағы біршама+скл+басқармалардың төрағасы болып, қазіргі уақытта да қол қусырып отырған жоқ. 80 жасқа келсе де, ұрпақ+скл+жастар тәрбиесіне, идеология+скл+мәдени-ағарту саласына өз үлесін қосып жүр.

РКС:Қоғам қайраткерінің басты принциптері - аз сөйлеп, көп еңбек ету. Сондай-ақ, іскерлік қарым-қатынастың дұрыстығын сақтап, атқарған ісіне адал болу. Бұл кезекте өзіне және айналасындағы қызмет етіп жүрген азаматтарға жоғары талап қоя білетіндігімен ерекшеленеді. Әркез егде жастағы адамдардың моральдық және материалдық жағдайын жеңілдетуге тырысып, олардың мәселелеріне жіті көңіл бөліп келеді.

СНХ:ХАБИБОЛЛА ҒАЗИЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Екеуміздің өмір жолымыз жас кезімізден бір арнада тоғысып келеді. Екеуміз бір уақытта қазіргі университет мәртебесі берілген Шоқан Уәлиханов атындағы бұрынғы педагогикалық институттың түлегіміз. Студенттік шақта ең үздік талапкерлердің бірі еді. Есімі әрдайым құрмет тақтасында ілулі тұратын. Институтты бітіргеннен соң, ұзақ жыл білім беру саласында еңбек етті. Мұғалім де, мектеп директоры да, аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін де атқарды. Содан кейін партия ұйымдарында жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Солтүстік Қазақстан облысында облыстық көші-қон басқармасының жетекшісі болған. Шияп Шарапұлы бар ғұмырын мемлекет пен халыққа қызмет етуге арнап келе жатқан жан.

РКС: Шияп Шарапұлы әлі де қатарда. Бір көрген адам оның 80-ге келгеніне сенбеуі де мүмкін. Жүрісі әлі де ширақ. Қоғамдық істердің бел ортасында жүреді. Ұл-қыз өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отырған бақытты ата.

СНХ:ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРЕАҒАСЫ: Ел үшін жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққаннан кейін елге қайта көшіп келдім. Ардагерлер жұмысына араласа бастадым. 8 жыл болды істеп келе жатқаныма. Әсіресе жастарды тәрбиелеп, елін сүйсе, таза болса екен деп +скл+ Тәуба, еңбегімізді бағалап жатыр. Солтүстік Қазақстанда басшы болып жүргенде «Құрмет» ордені берілген. Жақында ғана «Парасат» орденін алдым. Алдағы уақытта да қызмет еткіміз келеді. Патриоттыққа, ұйымшылдыққа, әсіресе еңбекке тәрбиелегіміз келеді.

 ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ