ДК:Үкімет қаулысымен ел тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға негізделген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бекітілді. Негізгі қызметтерге тең қол жеткізу және көлік байланысын қамтамасыз етуге қатысты екі бағыттан тұрады. Жобаның алғашқы бағыты бойынша ел азаматтарын тұрғын үймен қамту, коммуналдық секторды, жалпы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жоспарланған. Негізгі мақсат - ел өңірлерінің әл-ауқатын арттыру үшін жедел экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету.

РКС:Мегаполистер қарқынды даму үстінде. Ал шағын және орта қалалардың көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Бұл қарқыннан қалмау үшін халықтың өмір сүру сапасын төмендетпеу басты назарда. Өңірлердегі негізгі мәселе-экономикалық тәуелсіздігінің әлсіздігі. Ішкі сауданың деңгейін көтеру үшін өңірлерде саудаға жарамды өнімдер шығарылуы қажет.

СНХ:АЛЕКСАНДР ЗАГРЕБИН, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Экономиканың дамуы - өңір қуаттылығы артуының бірден бір жолы. Соңғы 10 жылда облыстағы өндірістік өнімнің мөлшері 10 процентке артқан. Бұл өңірдегі өнеркәсіптің дамып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласы аймақтағы экономиканың басым бағытына айналған. Былтырғы көрсеткіштер бойынша өнеркәсіп саласында 13 проценттік өсімге қол жеткіздік. Өңірде қайта өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келедіі. 2022 жылы кәсіпорындар 1,5 триллион теңгеге заттай өнім өндірді.Бұл рекордтық көрсеткіш.

РКС:Өңірде металлургия, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында өнім өндіру көрсеткіші жоғары. Сондай-ақ, түрлі осы салаларға қатысты жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланған.

СНХ:АЛЕКСАНДР ЗАГРЕБИН, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр жеке инвестиция есебінде 260 миллиард теңгеге 160-тан астам жоба іске асты. Мұндай жобалар өңірдің дамуына үлкен үлес қосып отыр. Өнімнің жаңа түрлері өндіріліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Нәтижесінде, аудандардың жағдайы тұрақталып келеді.

РКС:Былтыр Бурабай аулданында алтын өндіретін RG Processing фабрикасы, Аршалы ауданындаSG BRICKкірпіш және SG Beton темірбетон зауыты іске қосылған. Ал биыл Аршалы мен Зеренді аудандарында жел-электр станциясы мен Макинск қаласында құс фабрикасының құрылысын аяқтау жоспарланған.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ