ДК: Өңірде 558 мың гектар жайылымдық жер тапшы. Мал бағу жыл сайын қиындап барады. 800-ге жуық жер үлескерлері өздерінің наразылықтарын білдіріп отыр. Бұл туралы «Amanat» партиясында өткен қоғамдық кеңесте айтылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты бірнеше мәселе көтерілді.

РКС:Облыстағы 605 елдімекеннің 441-інде жайылымдық жер тапшылығы сезіледі. Жауыр болған жер мәселесі жергілікті халықты әбігерге салған. Былтыр 300 мың гектардан гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

СНХ:КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жерді бірлесіп пайдалану туралы жыл сайынғы меморандум осы мәселенің шешімі. Бірақ бұл уақытша ғана. Келісімшарт 1-2 жылға ғана жасалады. Елдімекендердің шекарасын кеңейту мақсатында 9 ауылда 78,6 мың гектар жер ұлғайған. Сонымен қатар 4,1 мың жерді бүгінгі таңда Астрахан әкіміне бекітілген. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

РКС: Қоғамдық кеңесте ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік субсидия мәселесі көтерілді. Осы бағыттағы қарыз көлемі 36 млрд. теңге. Оны өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы қажет.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтырғы жылы 54,9 млрд теңге ақша бөлінген. Биыл ауылшаруашылығын субсидиялауға 45,6 млрд теңге бөлінейін деп отыр. Бірақ тағыда қолдау керек. Шаруашылық кешендеріне дамыту үшін қаражат керек. Олар күтіп отыр. Әртүрлі тұқымға дәрі- дәрмекке .

РКС: Өңірде мал шаруашылығын дамыту басты назарда. Биыл осы мақсатқа 5 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар инвестициялық салымдар мен өнімдерді қайта өңдеуді субсидиялауға 17,7 млрд. теңге бөлінбек.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ