ДК:Бала күтіміне байланысты әлеуметтік жәрдемақы төлеудің мерзімі ұзартылды. Егер бұрындары аналар бала бір жасқа келгенше жәрдемақы алып келсе, енді 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді. Ол үшін қосымша құжат жинап, рәсімдеудің қажеті жоқ. Барлығы автоматты түрде жүзеге асырылады. Алайда, әр анаға төленетін жәрдемақының мөлшері де әртүрлі. Бірі 15 мың теңге алса, ал енді біріне аударылатын жәрдемақының мөлшері 100 мың теңгеден асады.

РКС:Жұмыс істейтін әйелдерге ай сайынғы табысының 40 проценті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді. Бүгінде облыс бойынша 8 мыңға жуық ана осындай жәрдемақы алады. Жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен белгілі мөлшерде жәрдемақы төлеу қарастырылған. Сондықтан әлеуметтік төлемдерде алшақтық бар. Анелия Төлеуова екінші рет ана атанған. Қазіргі уақытта қос сәбиін тәрбиелеп отыр. Ол бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы мерзімінің ұзартылғанына қатты қуанғанын айтады.

СНХ: АНЕЛИЯ ТӨЛЕУОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ең алғаш рет 2016 жылы декреттік демалысқа шықтым. Ол кездегі әлеуметтік жәрдемақы 35 мың теңге болатын. Бүгінгі күні оның мөлшері 2 есеге дейін ұлғайды. Қолымызға тиген ақшаны тамаққа, балаға қажетті ұсақ-түйекке, кір жуатын тұрмыстық химиялық заттар алуға жұмсаймыз. Жаңа жылдағы жаңашылдыққа қатты қуандық. Бұл біз үшін көп көмек.

РКС: Айшолпан Айсаева ай сайын 100 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. Жас ана былтыр декреттік демалысқа шыққан, қазір үш айлық сәбиін бағып отыр. Айшолпан әйелдерге жұмыс істеуге кеңес береді. Ол болашақта қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болуға септігін тигізетінін айтады.

СНХ: АЙШОЛПАН ИСАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әркімде әрқалай. Жәрдемақы бұрын алған еңбекақыға байланысты есептеледі. Сәйкесінше, жұмыс істемейтін аналар базалыққа ғана ілігеді.

РКС: Мемлекеттік базалық жәрдемақыларға қосымша ұзақмерзімді тағы 2 төлемнің түрі қарастырылған. Ол еңбекке жарамсыздығына және асыраушысынан айырылған жағдайда. Облыс бойынша 3,5 мыңнан астам еңбекке жарамсыз адам бар. 3 мыңға тарта отбасы асыраушысынан айырылған. Екі санатқа да жәрдемақының мөлшері көбейген.

СНХ: ӘЙГЕРІМ РАХЫМЖАНОВА, МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 1қаңтардан бастап барлық ұзақмерзімді жәрдемақылар 8,5 процентке ұлғайды. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді. Барлық төлем алушыларға 1-ші қаңтардан бастап автоматты түрде қайта есептеу жүргізілді. Яғни, егер сәби 2022 жылы туған болса, автоматты түрде 1,5 жылға дейін ұлғайтылды.

РКС: Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тек жұмыс істейтін азаматтар үшін ғана қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады. Жүйенің қаржылық ресурсы табыстың 3,5 проценті мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар есебінен құралады.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ