ДК: 15 желтоқсанда"Аватар: Су жолы" фильмінің таныстырылымы өтті. Көрермен назарына ұсынылған кино тарихи рейтингті белгіледі. Сондай-ақ, сапалы графикасы және анимациясымен таң қалдырды. Бүгінде фильмніен түскен қаржы 2,5 миллиард теңгені құрап отыр. Облыс орталығында 6 мен 14 жас аралығындағы балаларға арнап қазақ тіліндекөрсетілімі өтті.

ИНТЕРШУМ: фильмнен үзінді

РКС:Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильмді қазақ тіліне аударып, дыбыстады.Туындыны дыбыстауға 300-дей дубляж актері жұмылдырылған. Фильм мемлекеттік тілде 16 желтоқсаннан бастап көрсетілуде.Шара ұйымдастырушыларының айтуынша,бұл қазақ тіліндегі аудиторияны кеңейту мақсатында жасалған.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгін халықаралық қазақ тілі қоғамның бастамасымен балаларға Аватар филімін көрсеттік. Бұл қазақ тілінде аударылған қойылым.  Аналар қоғамымен бірлесіп бүгін балаларға арнадық. Өйткені,ана тіліміз қазақ тілін қолдану аясын кеңейту. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондаықтан жастар келіп, көрсін деп ұйымдастырдық.

РКС:Ана тіліне аударылған шетелдік фильмді тамашалауға 100-ден астам аз қамтылған отбасы балалары қамтылды. Кішкентай көрермендер экраннан көз алмай, анимациялық қойлымды үзбей қарады. Сонңында фантастикалық жанрдағы кинодан алған әсерлерімен бөлісті.

СНХ: ДАНА ӘБИЕВА, КӨРЕРМЕН: Аватар фильмінің қазақша тілінде болғаны ұнады. Барлық кейіпкерлер де көңілімнен шықты. +++00:20 Маған кинода ең ұнаған сәті- Отбасылық қорғау.

РКС:Қазақ тіліне аударылған фильм балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп қана қоймай, отбасы құндылықтарын дәріптейді. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің тіл байлығын арттырады. Балаларын ертіп келген ата-аналар мұндай шараны ұйымдастырған жандарға алғыс айтып, керемет әсер алғанын жеткізді.

АИДА ХАМИТОВА, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ