ДК: Елде баспана арзандап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша тұрғын үй құны 1,5% процентке арзандаған. Пәтерді жалға алу құны да біршама төмендеген. Келесі бейнематериалда.

РКС: 2018 жылдың наурыз айынан бастап елімізде алғаш рет екінші санаттағы тұрғын үй бағасы төмендеген. Сарапшылардың айтуынша бұған себеп дайын тұрғын үйге деген сұраныстың төмендеуі. Дегенмен өңірде баға бірқалыпты. Тіпті баспана бағасы біршама өскен.

СНХ: ҚАЙЫРБОЛАТ АЛТЫНБЕКОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен 3 курста оқимын. 2 жылдан бері пәтер жалдап келеміз. Егер өткен жылы айына 100 мың теңге төлесек, енді 130 мың теңге төлеуге мәжбүр боламыз. Бұл өте көп. Қосымша жұмыс істеу керек, өйткені ата-аналар оқу ақысын төлейді.

РКС:Өткен жылы Ресей азаматтарының көп келуіне байланысты тұрғын үйді жалға алу айтарлықтай өсті. Кейде бір бөлмелі пәтердің бағасы айына 300 мың теңгеге жетті. Жалға берушілер жалға берілетін мүлікке сұраныс төмендегенімен, меншік иелері құнын төмендете алмайтынын атап өтті.

СНХ: АНГЕЛИНА СИМАХИНА, ЖАЛҒА БЕРУШІ: Ресейден адамдар көшіп келген кезде пәтерақы қымбаттап кетті. Әлі сол күйінде сақталып тұр. Пәтер бағасын түсірейін-ау дейтін де ешкім жоқ. Тіпті пәтер иелерімен сөзге келісіп те қалған сәттер болды. Басқа жерлерде арзан бағаға тауып алуға болатын шығар, бірақ өзім ондайды көрмеппін.

РКС: Бүгінгі таңда облыс орталығында 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны 100-160 мың теңге аралығында. Өңір бойынша қайталама нарықта 1 шаршы метр тұрғын үй сатып алу орташа есеппен 315 мыңды құрап отыр.

АИДА ХАМИТОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, МЕДЕТ ҚАЙРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ