ДИКТОР: Көкшетау жоғары медициналық колледжінде эксперименталды кешкі бөлім ашылды. Бүгінде онда білім алуға 25 санитар ниет білдірген. Олар оқуын аяқтағаннан кейін медбике бола алады. Бұл туралы оқу ордасының жұмысымен танысу барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев айтты. Сондай-ақ, өңір басшысы білім ошағындағы бірқатар мәселені шешу жолдарына тоқталды.

РКС: Мұндай кешкі бөлімде медицина саласында бірнеше жыл қатарынан еңбек етіп жүрген мамандар ғана оқиды. Айнагүл Шаймұратова қалалық емханада жұмыс істейді. Алайда, ол мұнымен тоқтап қалмай, білімін одан әрі жетілдіргісі келеді. Сондықтан күндіз ауруханада еңбек етсе, кешке қарай колледжде сабақ оқиды. Ал бұл тәртіпті бұзғандар оқудан шығарылады.

СНХ: АЙНАГҮЛ ШАЙМҰРАТОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:  Осындай кешкі бөлім ашылатыны жайлы естідік. Одан соң қуана-қуана онда оқуға түсуге ниет білдірдік. Білімімізді одан әрі жетілдіргіміз келеді. Қанша жаста болсақ та, ол артық етпейді деп ойлаймын.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Колледжде кешкі бөлім ашылды дегенді мен де жақында ғана естідім. Бұл медицина саласында еңбек етіп жүрген жандарға үлкен мүмкіндік. Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.

РКС: Көкшетау жоғары медициналық колледжін тәмәмдаған студенттердің барлығы дерлік өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бұл үлкен жетістік,-дейді оқытушылар. Алайда, кадр тапшылығы мәселесі әлі де бар. Бұл өңірде ғана емес, еліміздегі өзекті проблеманың бірі. Бүгінде облыста 240 дәрігер, 200-ге жуық орта және кіші медицина қызметкері жетіспейді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев оқу ордасындағы материалдық-техникалық базаны да жаңарту қажет екенін айтты.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:   Бүгінде облыста дәрігерлер ғана емес, орта және кіші медицина қызметкерлері де жетіспейді. Бұл үлкен мәселе. Оны шешу қажет. Техника жағы да бар. Барлығын жаңарту керек. Қазір мұндай құрал-жабдықтармен ешкім жұмыс істемейді.Бұл проблемаға да ден қоямыз.

РКС: Колледже 8 мамандық бойынша 1200-ден астам білім алады. Оқу ордасында 67 оқытушы бар. Биыл олардың жалақысы 25 процентке артты. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев оқу орны емханалармен сабақтастып орнатып, тығыз байланыста болуы қажет екенін айтты.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Сабақтастық орнату мәселесі бар. Ол да бір үлкен проблема.

РКС: Колледж студенттері жатақханамен қамтамасыз етілген. Оқу орнында білім алушылар санитарлық істің негізгі дағдыларын игереді. Мысалы, роботтандырылған жүйе оларға емханадағы кез-келген жағдайды елестете алса, интерактивті тренажерлар арқылы педиатрия негіздерін үйренеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НАЗГҮЛ СЕРҒАЛИЕВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бәсекелестік бар. Бір орынға үш адам таласады. Былтырдан бастап талапкерлер ешқандай емтихан тапсырмайды. Олар аттестаттың орташа баллы бойынша іріктелініп алынады. 4 пәнді қарастырамыз. Солай құжаттарын тапсырып, оқуға түседі. Қазір оқу орнында әкім грантын ұтып алған 23 студент білім алады.

РКС: Әкім грантын ұтып алған студенттерге қойылатын бірқатар талап та бар. Басты шарт-түлек облыстағы медициналық ұйымдарда кемінде 3 жыл еңбек етуі тиіс.Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаев мүгедектерді қолдау орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Ондағы қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны жөндеумен айналысады. Жақында орталыққа 5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

СНХ:РАМАЗАН МҰҚАТАЕВ, «ҚР ҰЛТТЫҚ ПАРАЛИМПИАДА КОМИТЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  Мен өзімнің жеке кәсібімді аштым. Ондағы мақсат-мүмкіндігі шектеулі жандардың да қоғамға пайдалы бола алатынын дәлелдеу. Солай біз мүгедектерге арналған арбаларды жөндеумен айналыса бастадық. Қазір біз тауарларымызды ешқандай делдалдарсыз Қазақстанның барлық аймақтарына жеткіземіз.

РКС: Қазір орталықта тұрмыстық, тігін және құрылыс жабдықтарын жөндейтін жабдықтар жетіспейді. Алайда, алдағы уақытта бұл жағын да қарастырамыз,-дейді кәсіпкер.

ИНТЕРШУМ:

- Какая помощь от нас нужна?

– чтобы проекты были долгосрочными.

РКС: Орталықта 17 маман жұмыс істейді. Көбінің мүмкіндігі шектеулі. Сондай-ақ, мұндағы ғылыми қызмет Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушыларымен бірге жүзеге асырылады. Жұмыс тобы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды анықтау мәселесімен айналысады. Бұл жобаға оқушы қатысқан.

СНХ: ГҮЛМИРА РӘКІШЕВА - "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАТИКА" ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз өзіміздің авторлық әдістемелерімізді жасаймыз. Бірінші кезең аяқталды. Енді біз жобамыздың екінші кезеңіне көшеміз. Оған Көкшетау қаласындағы мектептерді білім алатын оқушылар қатысты. Біз олардың әлсіз және мықты жақтарын анықтадық.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жасап жатқан жұмыстарыңыз үшін, адамдарға деген ерекше көзқарастарыңыз үшін рахмет! Біз де сіздерге қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз.

ТАҚЫРЫБЫ: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА

РКС: Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаев "Шанс" орталығына барды. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіледі. Яғни, психологиялық қолдау көрсетіліп, тұрғын үй беріледі. Ал екі қолға бір күрек таба алмай отырғандар жұмыспен қамтылады.

СНХ: ӘСЕМ АСАЙЫНОВА, "ШАНС" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз осымен 6 жыл қатарынан жұмыс істейміз. Бұл орталық балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғаумен айналысады. Өткен жылы бізге 54 әйел мен 216 бала көмек сұрап келді. Қазір орталықта 28 кәмелет жасқа толмаған адам бар. Оның 18-і өмірлік қиын жағдайда.

РЗК: Өткен жылы орталыққа 17 миллион теңге бөлінді. Ал биыл қаржыландыру әлі болған жоқ. Кездесу соңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев балалармен әңгімелесіп, шағын сыйлықтар сыйлады.

ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»