ДК: Бүгінгі күні азаматтардың едәуір бөлігі қаржылық жағдайын жақсарта алады. Бұл тұста «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңға қол қойылды. Аталған заңнама қол қойылған күннен бастап үш айдан соң қолданысқа енгізіледі. Қарызы бар тұлғалар наурыз айынан бастап өтініш жаза алады.
РКС: Заңда қарыздың сомасы мен ұзақтығына байланысты рәсімнің үш түрін енгізу қарастырылған. Өтініш Е-GOV электронды үкімет порталы арқылы беріледі. Азаматтардың банктердің, шағын несие ұйымдар мен коллекторлардың алдындағы қарызы 5,5 миллион теңгеден аспауы тиіс. Сонымен бірге өтініш берген күні соңғы 12 айда қарызы жабылмаған болуы шарт.
СНХ: ӘСЕМ ШӘКІРОВА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер азаматтың қарызы 5,5 миллион теңгеден асса, ол сот банкроттығын қолдана алады. Сот банкроттығы рәсімінің мақсаты-банкроттың мүлкі есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл ретінде қойылған болса, онда кредитор оны сот банкроттығы кезінде тартып алуға құқылы. Ал егер ол кепілдікте болмаса, кредитор оны ала алмайды. Қалған өтелмеген сома есептен шығарылады. Ол мүлікті жасыру немесе жалған ақпарат беру сынды белгілері болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
РКС: Қаржылық басқарушылардың қызметін кез келген борышкердің өтей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.
СНХ: ӘСЕМ ШӘКІРОВА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үшінші рәсім -төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржылық басқарушымен бірлесіп әзірленеді, оны сот бекітеді. Бұл процедураның артықшылығы, кейін берешек адам "банкрот" деген мәртебе алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
РКС: Банкроттықтан кейін пайда болатын бірнеше салдар бар. 5 жылға дейін несие алу шектеледі. 7 жылдан кейін ғана азаматтың банкроттыққа қайта жүгіну құқығы бар. Сонымен бірге 3 жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеуге қатысты берешектер есептен шығарылмайды.
АИДА ХАМИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ