ДИКТОР: Көзі тірі болса биыл Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы, ақын Мәтен Бижановтың туғанына 85 жыл толар еді. Осыған орай қаламгерді еске алуға арналған «Елім деп соққан жүрегі» кеш ұйымдастырылды. Шараға қаламгердің туған-туыстары мен жора жолдастары және үзеңгілес әріптестері қатысты.

РКС: Мәтен Бижанов Көкше өңірінің тумасы. Ол 1937 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Зеренді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында дүниеге келеген. Бала кезінен шығармашылыққа, ақындыққа жақын болған қаламгер Көкшетау педагогикалық институтын тәмәмдаған. Еңбек жолын Зеренді аудандық «Социалистік жол» газетінде бастаған. Ақын бірнеше кітаптың авторы. Ол ақындық, жазушылық, журналистикадан бөлек, аударма ісімен де айналысқан. Дара тұлға «Қыпшақтар» кітабын қазақ тіліне аударып, жұрттың ыстық ықыласына бөленген.

СНХ: САЙЛАУБАЙ ЫБЫРАЕВ, МӘТЕН БИЖАНОВТЫҢ ДОСЫ:  Біз Мәтен екеуміз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау институтына бірге оқуға түстік. Ол кезде екі-ақ факультет болды. Физика-математика және филология факультеті. Біз сол филологияға түстік. Содан кейін Мәтенмен дос болдық. Арамыз ажыраған жоқ. Алыс-жақында болсақ та, бірақ жүрегіміз бір болды. скл 01:30 Мәкеннің адамгершілігі керемет болды. Біз туған ағайындай сыйластық.

СНХ:ЖАҢЫЛДЫҚ МЕЙРАМОВА, МӘТЕН БИЖАНОВТЫҢ ЖАРЫ:  Ол кісі адал, адамгершілігі мол. Өзінің соңынан ерген жастарға жаны ашып, соларға бағыт-бағдар көрсетіп жүретін. Жолдастарыменен, туыстарымен жақын араласты. Барлығы оны үлгі тұтатын. Ақыл сұрайтын. Менде одан көп нәрсені үйрендім.

РКС: Шара барысында автордың өмірі мен туындылары көрсетілді. Оның мақсаты- ұлы тұлғаның шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау. Бүгінде ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның жолын қуған жастар да аз емес,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ӘСЕМАЙ ҚАЙРАТ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Біз Мәтен Бижановтың шығармаларын сүйіп оқимыз. Өлеңдерін жатқа оқимыз. Оның еңбектерінен өзімізге мәдени азық аламыз. Қаламгерді үлгі тұтамыз.

РКС: Мәтен Бижанов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған әдеби байқаудың жүлдегері. Сондай-ақ, ұлы тұлға «Құрмет белгісі» орденімен, «Мәдениет қайраткері» және «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен марапатталған.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»