ДК: Жыл басынан бері Ақмола облысында 7 мыңнан астам азаматқа тегін заңдық көмек көрсетілді. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Ол жергілікті бұқарамен кездесіп, көкейкесті сауалдарына жауап берді. Жиында алимент, сот актілерін орындауға қатысты бірқатар қордаланған мәселелер көтерілді.

РКС: Ведомоство басшысы заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Сондай-ақ, министр қылмыстық және қылмыстық-процессуалды кодекске ревизия жасалатынын атап өтті. Қазіргі таңда тиісті нормаларды жетілдіру үшін жұмыстар жүргізілуде.

СНХ: ҚАНАТ МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ: Бұл бағыт бойынша үлкен жұмыс тобы құрылды. Бүкіл құқық қорғау органдары, белгілі заңгерлер, соттар және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттармен бірігіп, қылмыстық және қылмыстық процесуалды кодексті қарап, түзететін нормаларды шағарып, заң жобасын дайындап жатырмыз. +скл+ Бірінші заң жобасын осы 2023 жылдың наурыз айында парламентке еңгізуіміз керек.

РКС: Бүгінгі таңда өңірде 15 мемлекеттік және 90 жеке сот орындаушысы қызмет етеді. Жыл басынан бері олар 258 мың өндірістік істі қараған. Қазіргі уақытта соның 96 мыңы орындалыпты. Бұдан бөлек, жиында көпбалалы аналар министрге жетім немесе ата-ана қарауынсыз қалған балғындарға қатысты сауалын жолдады. Мәселен, Құралай Жұмабекованың 13 перзенті бар. Соның 6-ы өзінікі болса, қалған 7-ін балалар үйінен алып, бауырына басыпты.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Заңға сәйкес жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар 18 жасқа дейін ғана мемлекет бақылауында болады. Ал, кейін олар өз беттерінше өмір сүреді. Ал, оларды асырап алған ата-аналарға тіптен қиын. Себебі олар заң бойынша олардың тәрбиесімен 18 жасқа дейін ғана айналыса алады. Сіздер осы балалардын жасын 23-ке дейін ұзарту мәселесін қарастырып жатырсыздар ма??

СНХ: ҚАНАТ МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:   Мен бұл сұрақтың Үкімет тарапынан қарастырылып жатқанын жақсы білем. Себебі, осы сауалдың төңірегінде көптеген оқиғалар тіркелуде. Әлі қарастырылып, зерделеніп жатыр. Бірақ заң нақты қабылданған жоқ.

РКС: Айталық, Ақмола облысында алименттен жалтарып жүргендердің саны 12 мыңнан асады. Борышкерлердің тұрақты табысы мен мүлкі болмаған соң олардан алимент өндіру қиынға соғады,-дейді министр. Осы мақсатта борышкерлерді жұмысқа орналыстыру көзделген. Мәселен, жыл басынан бері 13 борышкер жұмысқа орналыстырылған.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»