ДК: Соңғы үш жылда облыс бойынша деструктивті ағымда жүрген 100-ге жуық адам дәстүрлі дінге қайтарылды. Қазіргі уақытта осы бағыттағы үгіт-насихат жұмыстары күшейтілген. Тек осы жылдың өзінде 800-ге жуық шара ұйымдастырылған. Бұл туралы арнайы өткен брифинг барысында белгілі болды.

РКС: Жыл басынан бері теолог мамандары жат ағым өкілдерімен түрлі форматта кездесу өткізген. Соның басым бөлігі түзету мекемелерінде ұйымдастырылған. Мәселен, биыл түзету мекемесінде 483 шара өтіп, 1343 жазасын өтеушіге түсіндіру жұмысы жүргізілген. Тиісті сала мамандары бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізілетіне сенім білдірді.

СНХ: БОЛАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУ МЕН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі таңда бірінші мақсатымыз осы дәстүрлі емес өкілдерін дәстүрлі дінге қайтару. Осы бағытта көптеген шаралар ұйымдастырылуда. 100-ге жуық адам дәстүрлі дінді қолдады. Соның ішінде 7-8 адам райынан қайтып, дәстүрлі дінге қайтарылды.

РКС: Қазіргі таңда өңірде 182 діни бірлестік жұмыс істейді. Соның 83-і ислам, 45-і православ, 41-і протестан және 11-і католикалық ұйым. Жалпы есепте 145 құлшылық орны бар. Оның 83-і мешіт. Барлық діни ұйымдарда белгіленген тәртіпке сай шаралар ұйымдастырылып тұрады.

СНХ: АЛМАЗ МҰҚАЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Осы жылы 49 мың адамды қамтыған 4524 іс-шара өтті. Бұл шаралар да жастардың да үлесі басым. Нақты айтсақ, жасөспірімдермен 455 кездесу ұйымдастырылды. Оған шамамен 1 жарымдай жас өрен қатысты.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ,