ДК: Орман шаруашылығы жұмысшыларына қызметтік көліктің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев аталған сала ұйымының жүйелі жұмысының арқасында елімізді көгалдандыруға қатысты ауқымды міндеттер орындалып отыр.


РКС: Жыл сайын өңірдің орман саябақтарында 13 миллион түпке жуық түрлі ағаш көшеті дайындалады. Орман шаруашылығы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және орман қоры жұмыстарын жүргізуге қомақты қаражат бөлінуде. Бұл жолы тіркеме құрал-жабдығы бар 44 техника сатып алынды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін біз қызметтік автокөліктердің кілтін табыстап жатырмыз. Арнайы техника жасыл желек орманды қорғауда таптырмас құрал. Сіз бен біз болып алға қойған мақсат-міндеттердің үдесінен шығатынымызға сенімдімін. Сондай-ақ орманды сақтап, қорғауға өрт сөндірушілер де жауапты. Қостанай облысында орын алған өртті ауыздықтауда біздің бөлімшелердің ерен еңбегін айтпай кетуге болмас.

ИНТЕРШУМ: КІЛТТЕРДІ ТАБЫСТАУ СӘТІ

РКС: Орман-ұлттық игілік. Одан бөлек, көптеген салалық өнеркәсіпті дамытуға арналған маңызды шикізат көзі.

СНХ: ҚАНАТ СҰЛТАНОВ, ҰРЫМҚАЙ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі шараға өте қуаныштымыз. Мына автокөліктер бізге ауадай қажет, жұмысымызды біраз жеңілдетеді. Техникамыз бар әрине, бірақ, бәрі әбден ескірген, ылғи жөндеуден көз ашпайтынбыз. 10 жылдан асты қолданыста болғанына. Жаңа көліктер біз үшін көп көмек. Ризашылығымыз шексіз.

РКС: Техникалық жарақтандыру аса маңызды. Соңғы бірнеше жыл көлемінде 30-дан астам жедел техника, сонымен қатар 1 миллиард теңгеден астам сомаға 300-ге тарта өрт-техникалық құрал-жабдығы сатып алынды. Құтқару құрал-жабдықтарын жоспарлы түрде ұлғайту жұмыстары келер жылы да жалғасады.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ