ДК: Қазақстанда өткен саяси науқан кезінде сайлаушылардың 80 проценттен астамы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Дауыс беру барысында ақмолалықтар белсенділік танытып, дұрыс таңдау жасады.

РКС: Сайлаудың алдын-ала қорытындысы 21 қарашада белгілі болды. Саяси белсенді азаматтар оқиға барысын тексеріп, қадағалады. Кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру құқығы бар ақмолалықтардың 78 проценттен астамы қатысты.

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕНБАЕВ, СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  Кезектен тыс президент сайлауы өтті. Өте жақсы ұйымдастырылған. Түрлі политолог, басқа да мамандардың айтуынша, халықтың осы сайлауға қатысуы өте белсенді болды. Біз де азаматтық борышымызды орындап, осы сайлауға қатыстық. ++Халықтың қалауымен Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта 7 жылға Президенттік лауазымға тағайындалды. Халықтың таңдауы дұрыс деп ойлаймын. Өйткені алдағы уақытта басталатын реформалар, өзге де өзгерістер өз жалғасын табуы керек. ++Еліміз көркейіп, дамиды деген үміттеміз.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған сайлауалды бағдарламасында жастарға реформалардың ауқымды жобасы ұсынылды. Білім, баспана, жұмыспен қамтуға қатысты маңызды сауалдар талқыланды. Келешек ұрпақ үшін өзекті мәселенің бірі шығармашылық индустрияны дамыту қарастырылды. Сондай-ақ, бұл бағыт сайлау науқанында да орын алды.

СНХ: ТЕМІРЛАН СЕРІКОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТIНІҢ СТУДЕНТІ: Сайлауалды науқаны бір айға созылды. Өте маңызды, үлкен рөл атқарды деп ойлаймын. Өйткені әр жастар үшін басшы таңдау өте маңызды. Алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыру үшін өзімізге керек деген үміткерді таңдадық деген сенімдемін.

РКС: Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

АИДА ХАМИТОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ