ДИКТОР: Балалардың дамуы мен олардың құқығын қорғау мәселелеріне қатысты «Балалық шақты бірге қоғайық» атты ашық диалог өтті. Оның негізгі идеясы бала құқығы мен мүдделерін қорғауға көмектесу үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың еліміз бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын талқылау. Бұл шараны облыстық білім басқармасы мен "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр.

РКС: Ашық диалог алаңына мектепті өзін-өзі басқару ұйымдарының 50 белсендісі онлайн форматта қатысты. Онда қозғалған басты мәселе – балалардың қауіпсіздігі мен құқығы.

СНХ:ӘСЕМ АСАИНОВА, БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ УӘКІЛІ: Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығына 198 бала түсті, оның ішінде 5 бала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ұзақ сот процестерінде отбасы мен балалардың басы-қасында жүріп көмектесеміз. Бұл жағдайда баланың оқиға барысын түсінуі, өзін жайлы сезінуі және қорықпауы өте маңызды. Отбасында мұндай жағдай орын алмас үшін біздің әріптестеріміз аудандарға барып, түрлі тренингтер мен семинарлар өткізеді.

РКС:Бала және отбасы құқығы тақырыбында ата-аналармен, балалармен, ұстаздармен 20-дан астам кездесу өткізілген. Сондай-ақ білім басқармасы мен мемлекеттік органдар «Қауіпсіз балалық шақ:Түнгі қаладағы балалар» акциясын ұйымдастырып, белсенді жұмыс жүргізуде.

СНХ:МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ, ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:  Балалар үшін мемлекет не істеп жатыр, қандай бағыттар дамытылуда? Әрине, балалар жылының жетістігі – бала құқығы бойынша аймақтық құзыретті органның пайда болуы. Ол сәбидің дүниеге келген кезінен баланың ересек жасына жеткенше мүддесін қорғайтын ұйым. Сондай-ақ, инклюзивті білім берудің инфрақұрылымы, жаңа мектептер салу туралы, меценаттар мен демеушілердің оқушылар дайындаған жобаларын қаншалықты қолдайтыны туралы да сөз қозғалды.

РКС: Шара барысында күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаудан бөлек, белсенді оқушылар шығармашылығы мен өнертапқыш қабілеттерін көрсетті. Болашақ сарайының оқушылары «Эрзоскелет», Атбасар қаласындағы №1 орта мектебінің оқушысы Рүстем Мұстафин «Асыл мұра» жобасын ұсынды. Ал Көкшетаудағы №13 мектеп-гимназиясының оқушысы Станислав Галанцев «Экос» жобасын дайындап әкеліпті.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ