Диктор: Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша 2521 спорт нысандары тұрақты жұмыс істейді. Оның 1736-сы ауыл аймақтарында орналасқан.

РКС: Степняк қаласында 2020-шы жылы заманауи спорт кешені бой көтерді. Оның ішінде ойын залы, құзға өрмелеу тұғыры, жүзу бассейні бар. Өзге де спорт түрлерімен емін-еркін айналысуға болады.

СНХ: МАРАТ ЕРХАТОВ, «ЖЕҢІС» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Заманауи спорт кешені бүгінгі күннің талабына сай жарақтанған. Оның есігі келем деушілерге әрқашан айқара ашық. Күні бойы аудандық балалар спорт мектебінің өрендері спорттың бірнеше түрінен жаттығулар жасайды. Кешкілік Степняк қаласының тұрғындары тренажер залында, бассейнде, паркетті футбол алаңында тер төгеді. Негізгі мақсат - салауатты өмір салтына сара жол ашу.

ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Балалар футболы бұқаралық сипатқа ие.

СНХ: НИКОЛАЙ СЕРГИЕНКО, БАПКЕР (орысша).

РКС: Теңбіл доп тебуді енді ғана үйреніп жүрген өрендердің арманы асқақ.

СНХ: ӘЛІНҰР ЖҮСІПОВ, ЖАС ФУТБОЛШЫ (ҚАЗАҚША).

СНХ: НҰРӘДІЛ РЫСБЕК, ЖАС ФУТБОЛШЫ (ҚАЗАҚША).

РКС: Степняк қаласындағы «Жеңіс» денешынықтыру және спорт кешені бұқаралық спортты дамытудың орталығына айналып келеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ