ДК: Балалар жылы аясындағы іс-шаралар легі жалғасуда. Облыстық тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Қаратай Төлекеевтің “Кәрім мерген” кітабының таныстырылымы өтті. Кішкентай оқырмандарға арналған ертегі қазақ тілін үйренуге, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жазылған.

ИНТЕРШУМ: таныстырылым

РКС: Шығарманың басты кейіпкері- Кәрім. Ол батылдық пен ерліктің үлгісін көрсетуге тырысады. Өз жақындарына көмек беру арқылы жанашырлық, тәуекелдік сезімдерін оятуға жетелейді. Ертегінің «Кәрім мерген» деп аталуы да кездейсоқ емес.

СНХ: ҚАРАТАЙ ТӨЛЕКЕЕВ, КІТАПТЫҢ АВТОРЫ: Қазіргі таңда балаларға, жастарға арналған әдебиеттерге шолу жасап отырсам, көне заманда айтылып өткен кейіпкерлер Таусоғар, Желаяқ, Мыстанкемпір шығармаларда көп қолданылмайды. Сондықтан балаларға ұмытылмас үшін сол кейіпкерлерден аралас жазылған ертегі.+01:44 Кәрім деген мерген жігіт сол кездегі жақсы адамдарды, қарияларды, сұлу қыздарды мыстанкемпір аңға айналдырып жібереді. Оларды құтқару үшін Кәрім мерген үлкен жұмыс жасайды. Айтылып өткен Таусоғар, Желаяқ барлығы осы кезде қолданылады. Ертегінің шарықтау шегінде аңға айналғандар адам кейіпіне түсіп, өмір жақсарады.

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕМБІ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:  Қаратай Байкенұлының “Кәрім мерген” атты кітабы “Балалар жылы” аясында балаларға тарту, сый ретінде шығарылды. Бұл кітап 5-6-7 жасар балаларға арналған әңгіме жинағы.

РКС: Автор болашақта балаларға тағы да бірнеше ертегілер желісін жазу жоспарында бар екенін айтты. Мейірімділік пен жылылықты бейнелейтін жаңа кейіпкерлерге толы болмақ. Шара барысында автордың шығармашылығына арналған фото-көрме ұйымдастырылды. Өнерлі жастар ән мен жырдан шашу шашты.

ИНТЕРШУМ: автордың өлең шумағы

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ