ДИКТОР: Биыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 8 бағдарлама іске асырылды. Оған 6 млн 751 мың теңгеден астам қаржы жұмсалған. Табиғатты қорғау шаралары бағытында атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Бұл жайында аталған басқарма басшылығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап өткізген брифинг барысында баяндады.

РКС:Мемлекет басшысының «Жасыл Қазақстан»: 2 миллиард ағаш» бағдарламасының шеңберінде өңірде жыл сайын 10 миллион түпке жуық ағаш көшеті отырғызылып келеді. Биыл бұл көрсеткіш анағұрлым өскен. Сондай-ақ орман алқаптарын қорғау, өрт жағдайларын болдырмау шаралары жүргізілген.

СНХ:РУСЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Биыл орман шаруашылығы мекемесі 17,2 млн түп ағаш көшетін отырғызды. Жоспар бойынша 9,3 миллион болатын. Былтыр және биыл жоспарды артығымен орындадық. Келе жылы 11,5 млн түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.

РКС: Жоспар бойынша су тасқынының алдын алу үшін Есіл, Жабай, Нұра, Колутон өзендерінің арнасын кеңейту жұмыстары жалғасып келеді. Сонымен қатар Қылшақты, Қопа өзендері мен Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдерін тазарту үшін арнайы күш жұмылдырылған.

СНХ: РУСЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 2 жыл бұрын Қылшақты өзенін тазалауды, абаттандыруды бастадық. Сондықтан, алдағы жылы Ғабдуллин көшесінен Сүлейменов көшесіне дейінгі төртінші учаскеде "Град Строй Проект" серіктестігімен келісім-шарт негізінде жұмыс жалғасады. Щучье және Бурабай көлдерін тазарту жұмыстарының нақты көлемін анықтау үшін ғылыми-техникалық зерттеу жүргізілді. Қопа көліндегі тал шөгінділерін тазарту жұмысына кірісу үшін техникалық-экономикалық негіздемеге түзетулер енгізілгенін күтіп отырмыз. Атқарылатын жұмыстарға 23 млн теңге қарастырылған.

РКС: Степногорск қаласы, Шортанды, Аршалы аудандары тұрғындарынан шаң мен радиация деңгейінің көтерілуіне байланысты шағым көптеп келген. Сол себепті арнайы зертханалық аспаптар сатып алынып, басқарма тоқсан сайын мониторинг жүргізіп келеді. Оған қоса, қоқыс сұрыптау пункті бар қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигондарын салу жоспарланған.

СНХ: РУСЛАН ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Зеренді ауданында аумағы 60 гектар болатын жер телімін рәсімдеу жұмыстары аяқталып келеді. Ал Бурабай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта Щучинск қаласында полигон құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

РКС: Мамандардың айтуынша қоқыс қалдықтарының сұрыпталуы өте маңызды. Себебі тұрмыстық заттардан бөлек, құрамында химиялық зиянды қосындылары бар қалдықтар полигонға түсіп, ауаны ластайды. Биыл облыс бойынша 600 мыңнан астам шамдар мен термометр қалдықтары жойылған.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ