ДК: Биыл 20-шы қараша Қазақстан тарихында Президенттік сайлау күні ретінде із қалдырды. Бір ерекшелігі- үміткер елді алдағы 7 жыл бойы қайта сайлау құқығынсыз басқарады. Ақмолалықтар атаулы күннің маңыздылығын айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

РКС: Қазақстан сапалы болашаққа қадам басты. Өйткені Президенттің бас назары- халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бүгінгі таңда республиканың барлық өңірінде тұрақты жағдай байқалды.

СНХ: ОМАР ШОНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:  Сайлаушылардың жоғары белсенділігі – әділ Қазақстанды таңдаудағы халқымыздың ұйымшылдық көрінісі. Алдымызда үлкен міндет тұр.Өзім 19 сайлау учаскесінде байқаушы болдым. Дауыс беру процесін өз көзімен көріп, бақыладым. Сайлауға келген халықтың көтеріңкі көңіл күйін көріп, жақсы сезімде болдым. Сондай-ақ, жанұясымен келгендер де болды. Біз үшін бұл шын мәнінде тарихи күн болды.

СНХ: ӘСЕЛ АСЛАНОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:  Кеше еліміз үшін өте маңызды күндердің бірі болды. ++01:28 Елімізде тыныштық орнау үшін, бірлігіміз ары қарай жалғасын табу үшін бұл маңызды оқиға болды. Өзінің болашағын ойлаған еліміздің азаматттары сайлауға қатысып, ел басқаратын Президенттік сайлауға қатысты деп ойлаймын. Әбу Насыр әл Фараби айтып өткендей, егер мемлекетті қайырымды адам басқарса, ол мемлекет қайырымды болады. Егер мемлекетті қайырымсыз адам басқарса, ол мемлекет қайырымсыз болады деп. Сондықтан кеше өткен сайлаудың тарихи маңызы зор.

РКС: Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы бес мәрте өткізілді, Олардың көбі мерзімінен бұрын болды. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетіп, Қазақстанның екінші президенті атанды.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ