ДИКТОР: 13 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеген дауыс беру учаскелері жұмысын тоқтатты. Сайлау жәшігі ашылып, бюллетендерді санау басталды.

ИНТЕРШУМ:Сайлау жәшігін ашу сәті

РКС: №15 учаскеде 1067 адам тіркелген. Оның 867-і саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады. Яғни, ол дауыс беруге құқылы азаматтардың 81 проценті.

СНХ:АРДАҚ АХМЕДЖАНОВА, №15 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Дауыс берем деушілердің барлығына қолайлы жағдай жасалды. Сайлау учаскесіне денсаулығына байланысты келе алмағандар өтініш жазды. Барлығын қанағаттандырдық. 3 адамның үйіне барып, сайлау жәшігін жеткіздік. +скл+ Сайлау науқаны өте жақсы өтті. Тұрғындар отбасымен балаларымен бірге келді. Тіпті, 80-нен асқан ақсақалдар да дауыс беріп, өз азаматтық позициясын көрсетті. ТМД елдерінен де байқаушылар келді. Олар сайлау учаскесіндегі жұмыс барысымен танысты.

РКС: Cайлау барысында күрделі мәселелер туындаған жоқ. Тек кейбір тұрғындардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұрмағаны анықталды. Барлығына бағыт-бағдар берілді,-дейді комиссия мүшелері.

СНХ:ЛЮБОВЬ ПАВЛОВА, №15 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫСЫ: Бұл учаскеде мені қосқанда 3 байқаушы жұмыс істеді. Сайлау бойынша заң бұзу деректері тіркелген жоқ. Біз барлығын қатаң бақыладық. Саяси науқан ашық және әділ өтті. Ешқандай арыз-шағым болған жоқ.

РКС: Сайлаушылардың бұл жолғы қарқыны өте белсенді. Дауыс берушілердің көбі өз таңдауын түске дейін жасап үлгерді,-дейді комиссия мүшелері. Айта кетейік, 21.00-де республиканың 20 өңірінде дауыс беру аяқталды. Экзитпол нәтижелері түнгі он екіден кейін белгілі болады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»