ДИКТОР: Сайлау учаскелері өз жұмыстарын аяқтады. Сайлау күнінде шортандылықтар өзінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

РКС: Айта кетейік, Президенттікке 6 кандидатура ұсынылды. Дауыс беру құқығы бар әрбір азамат бүгін өз таңдауын жасады. Шортанды ауылының тұрғыны Шырын Бабаханова өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс берді.

СНХ: ШЫРЫН БАБАХАНОВА, ШОРТАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сайлау учаскесінде барлық талаптарға сай барлығы дауыс беріп жатыр. Мен дауысымды өз қалауыммен бердім.

СНХ: СӘКЕН ЕРҒАЛИЕВ, ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Шортанды ауданында 32 сайлау учаскесі бар, сайлаушылар саны 20 мыңға жуық. Барлық учаскелік комиссиялар уақытында ашылды, дауыс беру жаңа ғана аяқталды. .

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, АЛМАС СЕЙФИДИНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.