ДИКТОР: Сандықтау ауданында 36 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Аймақта дауыс беруге құқылы 13 мыңға жуық азамат тіркелген. Жаңа ғана саяси науқан аяқталды. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ,-дейді байқаушылар.
РКС: Сандықтау ауданының тумасы Надежда Янекова мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек еткен. Жасы 70-ке келген кейуана бүгінгі саяси науқанға немерелерін жетектеп келіпті. Мұның барлығы болашақ ұрпақтың игілігі үшін. Сондықтан біз өз таңдауымызды жасап, жастарға үлгі көрсетуіміз қажет,-дейді ол.
СНХ: НАДЕЖДА ЯНЕКОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл саяси науқанға еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге келдім. Қазақстан жыл сайын дамып, өркендеп келеді. Қазір бейбітшілік, ынтымақтастық орнаған заман. Мен әрі қарай да осылай барлығы жақсы бола берсе екен деп тілеймін. Өз таңдауымды бала-шағам мен немерелерім бақытты өмір сүрсе екен деп жасадым.
РКС: Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй де ерекше сезілді бұл күні. Іс-шараға жергілікті өнерпаздар атсалысты. Біреуі ұлттық аспапта ойнап, жұрттың ықыласына бөленсе, енді бірі жанды дауыста ән шырқап, дауыс беруге келген тұрғындардың көңіл-күйін көтерді.
ИНТЕРШУМ: Концерт
РКС: Аймақтағы сайлау учаскелері толықтай жасақталған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабиналар құрылып, пандустар да орнатылған.
СНХ:НАТАЛЬЯ КИМ, №601 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Саяси науқанға келіп, өз таңдауын жасағандардың белсенділігін көріп іштей қуандық. Бұрнағы жылдарға қарағанда биыл дауыс берушілердің қарасы қалың болды. Дені жастар деп айтсам қателеспеймін. Бала-шағасымен, немерелерімен келіп, өз таңдауын жасауға келгендер көп болды. Бәрі заңның шеңберінде өтті деп толық айта аламын.
РКС: Аймақта 158 адам денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмай, өз таңдауын үйде отырып жасауға өтініш білдірген. Олардың жазбаша қалдырған өтініштері қанағаттандырылып, көшпелі сайлау жәшіктері жеткізілді.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАЙРА МАКРАШЕВА, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»