ДК: 19 қазан – құтқарушылар күні. Биыл азаматтық қорғаныс саласының құрылғанына 27 жыл. Ал құтқарушыларды дайындайтын Көкшетаудағы Мәлік батырдың атындағы жалғыз азаматтық қорғау академиясы ширек ғасырға жуық жұмыс істейді. Жыл сайын оқу ордасының оқытушылар құрамасы мен курсанттары айтулы мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өтеді. Осы жылыда әдеттегі дәстүрге сай патриоттық бағытта әдемі кеш ұйымдастырды.

РКС:Азаматтық қорғау академиясында білім алу – әскери қызметке қабылданумен бірдей. Сондықтан, мұнда дене шынықтыруға, спортқа, шұғыл әрекет етіп, жедел шешім қабылдауға ерекше мән беріледі. Жыл санап оқу ордасындағы курсанттар саны толығып отырады. Айталық,білім ошағына тек республика төңірегі ғана емес, алыс-жақын шетелден де білім алушылар арнайы келеді.

СНХ: СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Біз жақында ғана жаңа курсанттар қабылдадық. Оның ішінде 100 курсант қазақстандық болса, 6-ы Қырғызстан мемлекетінен келген. Жұмыспен қамту мәселесі  100 пайыз шешіліп отыр. Болашақ офицерлер жұмысын аяқтаған кезде ақ қай жерге жұмысқа баратынын біліп отырады. Оның алдынды тәжірбие алмасып, көріп, танысады. 

РКС: Айталық, қазіргі таңда акедемия қабырғасында 600-ге жуық курсант білім алады. Олар оқуларынан бөлек, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып тұрады.  Олардың қатарында кәсіби мерекені алғаш рет тойлап жатқан жас өрендер де бар. 

СНХ: МИРАС ҮМБЕТАЛИЕВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Бұл біз үшін алғашқы мереке.  Барша осы саладағы ардагерлерден бастап, бәрін құттықтағым келеді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Жақында ғана ант қабылдадық. Елімізге алдағы уақытта адал қызмет етуге барымызды саламыз.

РКС: Құтқарушы – мәртебелі мамандық. Ал, болашақ өрт сөндірушілерді дайындап, саналарына білім нәрін ұялату өте маңызды міндет. Бүгінде академиядағы оқытушылар құрамында 300-ге тарта адам бар. Мереке қарсаңында академия бастығы бірақатар ұстаздар мен курсанттардың еңбегін елеп, марапаттады.

ЕСТ.ШУМ МАРАПАТТАУ

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»