Асық ойыны ұлттық спорттың бір түрі. Паң даланың төсінде пайда болған, өркениет жауhарларының бірі саналатын асық ойыны күні кеше Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен Үкіметтік емес комитеттің 12-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның құрамына кіріп, ұлттық ойынның беделін тағы бір көтерді. Көкше өңіріде ұлттық ойынды насихаттауда қалыс қалмақ емес.
Аталмыш ойын әсіресе мектеп оқушылары арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа тәрбиелеуде беретін маңызы зор.
Айта кетейік, ЮНЕСКО бұған дейін айтыс пен қазақ күресін, Орталық Азия мен шығыс халықтары тойлайтын Наурыз мерекесін мәдени мұралар тізіміне енгізген. Балалық шақ символы саналатын асық ойыны ел бірлігін нығайтумен қатар, ұлттық сана-сезімді дамытуда ерекше орны бар құнды ойын.
Мақсат Болатұлы