Құдықағаш ауылы азаматтарының арда бейнесімен ажарлы. Бұл ауылдың мақтанышы –әйгілі, Рамазан Елебаев. Ол - «Жас қазақ» әнімен өшпес із қалдырған сазгер-панфиловшы. Ауыл тұрғындары үшін Рамазан Елебаев мұралары жас буынды Отансүйгіштікке баулудың бірегей құралы. Сол себепті, мектеп қабырғасында арнайы мұражай ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың жадына отансүйгіштік сіңіріліп келеді.

 «Жас қазақ» Екінші дүниежүзілік соғыстағы халқымыздың ерлік дастаны, майданда қыршынынан қиылған барша ұландардың есімін ұлықтаған туынды. Батыр Төлеген Тоқтаровтай майдандас досқа арналған ән-реквиемнің әр нотасы ер мойынындағы ел жүгін танытқандай.

Көнеден сыр шертетін тарихы мен айрандай ұйыған ынтымағы Құдықағаштың басты сипаты. Туған өлкенің мұндай өнегесі өресі биік өрен тәрбиелері күмәнсіз.

Ауғанбек Манарбекұлы