Көкшетауда «Арбат» сауда үйінің 5-ші қабатында үнді тауарларының дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі өтті. 22-ші мамырға дейін қала тұрғындары мен қонақтары Үнді елінің мәдениетімен таныс бола алады.

Көрмеде ыңғайлы бағаға сәйкес, табиғи тастарды, қобдишаларды, түрлі әшекейлерді, әйнектен жасалған бұйымдарды, бояулар мен шәйдің 40-қа жуық түрін сатып алады. Бұдан бөлек, үнді тауар өндірушілері өздері шығарған киім-кешектерін де ұсынды. Олардың қатарында дәстүрлі сари меғн орамалдар бар. Әрбір қыз баласы армандайтын «сари» көйлегін сырттай тамашалап қана қоймай, оны киіп көруге де мүмкіндік бар.  

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жерден қолмен жасалған бұйымдардың барлық түрін кездестіруге болады. Жәрмеңкеге қойылған бұйымдардың барлығы өзіндік ерекшіктерімен тұрғындарды тамсандыруда.

Теріден жасалған өнімдер де назардан тыс қалған жоқ. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар  үнді тауарын өндірушілер мен қазақстандық тұтынушылардың арасында қазақ елінің түрлі қалаларында өткізілген. Көкшетау қаласындағы жәрмеңке 22-ші мамырға дейін жалғасады. Үнді Елінің жауһарларын ташамалау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Нұргүл Нұрбайқызы, Жамал Габдуллина, Данияр Жумагулов