Ақмола жастар көңілділер мен тапқырлар лигасының маусымашарына биыл 13 құрама қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шара аясында Көкшетау қаласының үздік құрамасы, сондай-ақ Омбы, Петропавл, Қарағанды және Теміртау қаласынан келген топтар бақ сынады. Ал билет сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде ашылған арнайы есепшотқа аударылатын болып шешіліпті.
Маусымашарға келген барлық құрама барынша дайындалған. Өнерпаздардың көрнекті ойындары көпшіліктің көңілінен шықты. Олар өңірде соңғы кзедері орын алған түрлі өзекті мәселелерді ойнақы әзілмен көрерменге жеткізе білді.
Ал бағы мен бабын сынауға келген өзге аймақ құрамаларының көпшілігі Көкше өңірінде алғаш рет өнер көрсетті.
Маусымашардың бас жүлдесіне Омбы қаласының құрамасы, ал өзге топтар кіші және үлкен кубоктарға ие болды. Енді барлық өнерпаздар алдағы ширек финалда бақ сынайтын болады.
Айгүл Мырзағалиқызы, Бауыржан Смағұлов