Негізгі Жаңалықтар Заңгерлерді және зияткерлік меншікті қорғау күшейтілді

Заңгерлерді және зияткерлік меншікті қорғау күшейтілді


ДИКТОР: Жаңа Конституцияның қабылдануы әділет саласына бірқатар оң өзгеріс әкелді. Еліміздің Ата заңында адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені бекітілген. Азаматтардың құқықтарын қорғау және жаңа цифрлық шешімдер туралы тілшіміз айтады.

РКС: Алғаш рет Конституция деңгейінде адвокатураның рөлі айқындалды. Енді Ата заңда заңгерлердің әрбір азаматтың білікті заң көмегін алу құқығын жүзеге асыруына жәрдемдесетіні нақты көрсетілген.

СНХ: РАУШАН ДОСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде Ақмола облысында 376 заңгер қызмет атқарады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекет кепілдік берген заң көмегін шамамен 6 мың азамат алды. Қорғаушылар мен заң кеңесшілерінің кәсіби қызметін қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында олардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін түрлі мемлекеттік ұйымдардың 5 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РКС: Тағы бір маңызды өзгеріс зияткерлік меншік саласына қатысты. Енді оны қорғау мәселесі де Конституцияда бекітілді. Бұл авторларға, құқық иелеріне және кәсіпкерлерге қосымша құқықтық кепілдіктер береді.

СНХ: РАУШАН ДОСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жылдың алғашқы жартыжылдығында құқық иесінің келісімінсіз тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін төрт кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар зияткерлік меншік саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қазір оған теле- және радио хабарларын тарататын ұйымдар қосылуда. Бұл алдағы уақытта туындыларды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, авторлық сыйақының әділ төленуіне мүмкіндік береді.

РКС: Бұдан бөлек, заңнамаға тағы бірнеше жаңашылдық енгізілді. 25 тамыздан бастап алимент тек өндіріп алушының арнайы банктік шотына аударылады. Мамандардың пікірінше, бұл балаларды асырауға арналған қаражаттың қорғалуын күшейтеді. Әділет департаментінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл заң көмегін алу үдерісін тұрғындар үшін жылдам, қолайлы әрі ашық етуге мүмкіндік береді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу