Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған
ДИКТОР: 23 тамыз - еліміз үшін маңызды саяси күн. Сайлау - әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, заңмен қатаң реттелетін саяси процесс. Сондықтан сайлау науқаны кезінде заң талаптарын бұзғандарға әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
РКС: Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасауға құқылы. Ал сайлаушыға қысым көрсету, дауыс беруге кедергі келтіру, басқа адам үшін дауыс беру, сайлау құжаттарын бүлдіру немесе дауыс беру күні заңсыз үгіт жүргізу - заңмен тыйым салынған әрекеттер. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты белгіленген.
СНХ: ҚАДЫРҒАЗЫ МАМИЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл жауапкершіліктің барлығын қарастыратын прокуратура органдары, сайлау комиссиясы сайлау туралы Конституциялық заңының 50-ші бабына сәйкес, сот ограны немесе прокуратура органы жүгінуге құқықтары бар. Егерде ілінген үгіт-насихат материалдарын қасақана бұзған болса, бұл жерде де жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері әртүрлі. 5 айлық есептік көрсеткіштен 25 айлық көрсеткішке дейін.
РКС: Соңғы жылдары сайлау учаскелеріне ерекше киіммен немесе түрлі кейіпкерлердің образында келу жиілеген. Ал мұндай әрекет заң бұзушылық ретінде санала ма? Мамандардың жауабы мынадай:
СНХ: ҚАДЫРҒАЗЫ МАМИЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қазіргі таңда әркімнің өз құқығы, қалай киініп келем десе де. Бұл жерде әзірге жауапкершілік жоқ. Бірақ қазір енді әркімнің ұяты өзінде. Нақты жауапкершілік қарастырылмаған. Шешім қабылдайтын прокуратура органдары және құқық қорғау органдары қарастырады.
РКС: Әр жағдайға құқықтық бағаны құзырлы органдар береді. Дегенмен ел үшін маңызды саяси науқанды жеңіл-желпі қабылдамай, оған жауапкершілікпен қараған абзал. Мамандар азаматтарды дауыс беру процесіне құрметпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ал егер сайлаушы өзінің сайлау құқығы бұзылды деп есептесе, сайлау комиссиясына немесе сотқа жүгінуге құқылы.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ