Өткен демалыс күндері су айдындарында 6 оқыс оқиға орын алды
ДИКТОР: Ақмола облысында өткен демалыс күндері су айдындарында 6 оқыс оқиға орын алды. Өкінішке орай, судағы қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан адамдардың ажал құшуы әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар бақылау жұмыстарын күшейтті. Тілшіміз толығырақ баяндайды.
РКС: Шомылу маусымы басталғаннан бері өңірдегі су айдындарында 33 адам ажал құшты, оның 8-і бала. Өкінішке орай, ақмолалықтар мен қонақтар белгіленген ереже мен ұсынымдарға назар аудармайды. Жақында жас жігіт суға баспен секіріп, тасқа соғылып, есінен танып қалған және ағыс оны алып кеткен. Соған орай төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Жағалау сызығын патрульдеу бойынша жұмысты күшейттік, құтқарушыларымыз екі ауысымда жұмыс істейді, қайықтардан шықпайды деп айтуға болады. Бұл акватория тұрақты түрде патрульдеуде. Осыған қарамастан, құтқарушылардың Қопа көлінің бүкіл жағалау сызығын бақылауға физикалық мүмкіндігі жоқ екенін айта кету керек. Біз білетіндей, соңғы жылдары ол өте кеңейді, ұзарды және қазір жағалау сызығы өте үлкен, адамдар суға түсетін жерлер өте көп. Бәрі тек құтқарушыларға немесе жергілікті билік органдарына ғана байланысты емес, жеке жауапкершілік те маңызды рөл атқарады. Адамдар суға тым алыс жүзіп кетпеу немесе мас күйінде суға түспеу қажеттігін түсінуі тиіс, әрі, әрине, балаларды үнемі мұқият қадағалап отыруы керек.
РКС: Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Ақмола облысындағы 700-ден астам су айдынының ішінде бар болғаны 16 ресми жағажай ғана бар. Шомылуға арналмаған су айдындарының біріне Макинск қаласының маңындағы жасанды су қоймасы жатад, бұл орын пайдаланылмайтын тас карьері, сондықтан онда шомылу қауіпті әрі денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
СНХ: ӨМІРТАЙ ЖОМАРТОВ, МАКИНКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қазір біз «тас карьері» деп аталатын жердеміз. Мұнда арнайы жабдықталған жағдайлардың жоқтығына қарамастан, адамдар шомылады. Аумақ бойында шомылуға тыйым салатын белгілер орнатылған. Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарға мұның өте қауіпті екенін айтып жатырмыз. Кейбір балалар мұнда ата-анасының қарауынсыз келеді.Су қоймасының түбі реттелмеген, ал кей жерлерде тереңдігі 20 метрге дейін жетеді. Бұл кеңес заманында қазылған карьер. Жергілікті тұрғындар мұнда шомылғанымен, бұл өте қауіпті, зерттеулер бұл орынның шомылуға жарамсыз екенін көрсетті.
РКС: Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік органдарының ескертулеріне қарамастан, тұрғындар қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда, бұл қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады. Соңғы он жылдың ішінде су басқан карьердің тасты түбіне соғылып, алты адам қаза тапты, ал су қоймасын жалға алушының дерегінше, былтыр екі адам суға батып кеткен. Ақмола облысының құтқарушылары халықты сақ болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, НАИР ЗАХОВАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.