ДИКТОР: 1979–1989 жылдар аралығында Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағында әскери қимылдар жүргізді. Осы он жыл ішінде Қазақстаннан, оның ішінде Ақмола облысынан да мыңдаған жас сарбаз әскери борышын өтеуге аттанды. Осыдан 37 жыл бұрын ақпанның 15-де Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Атаулы датаға орай М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Ақмола облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері одағының мүшелерімен кездесу өтті.
РКС: Ресми мәліметтерге сәйкес, Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қатысқан. Сол тұста әскери қызмет атқарған азаматтардың ерлігі мен батылдығы құрметпен еске алынады. Өңірде ардагерлерге тағзым ету шаралары өткізілуде. Ерлікпен қаза тапқан боздақтардың есімін мәңгілік есте сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Кездесу басталмас бұрын Ауған соғысының ардагерлері академияның арнайы техникасымен және тарихымен танысты.
ИНТЕРШУМ:
РУС.СНХ: ЖУМАБЕК ХАСЕНОВ, НАЧАЛЬНИК АКАДЕМИИ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ ИМЕНИ М. ГАБДУЛЛИНА: Наши молодые ребята прибыли на территорию Афганистана и выполняли свой настоящий интернациональный долг. Таких боевых действий после Великой Отечественной войны никогда не было. Эти ребята в то время показали настоящий пример мужества. Наши ветераны Афганской войны являются проводником политики нашего правительства, нашего президента для подрастающего поколения. Именно для наших курсантов такая встреча необходима. Наши ветераны расскажут, каким должен быть молодой человек, какой должен быть настоящий мужчина.
СНХ: ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазір өзіміз мыңдаған курсанттарды тәрбиелеп отырмыз, елімізге, халқымызға құтқарушы-офицерлерін дайындаймыз. Академиямыз біздің елімізде ғана емес, Орталық Азиядағы жалғыз осындай құтқарушыны дайындайтын академия. 4 жылдың ішінде курсанттарға білім-тәрбие беріп жатқанның ішінде бүгінгі өтетін кеш те, Ауған соғысының ардагерлерінің білімі, әңгімелері, ер-азаматтық көрсеткен ерліктері, халыққа, мемлекетке, Отанға деген парызын көрсету – үлкен сабақ болады. Курсанттарымызға осындай кездесулердің маңызы өте зор.
РКС: Шараға Академия басшылығы, оқытушылар құрамы мен курсанттар қатысты. Кездесу барысында ардагерлер әскери қызметтегі жолы, Отан алдындағы міндетін атқару кезіндегі қиын сәттер мен ерлікке толы оқиғалар жайында естеліктерімен бөлісті.
СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕР ОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жылағанымыз болды, енді қайтіп келмейтін шығармын деп. Ол бәрі өтті, артта қалды. Айтады ғой қазақтар – үш күннен кейін өлімге де үйренесің. Соның бәрін өттік. Біз ойлаған жоқпыз бүгін келіп, немере сүйеміз, балаларды көреміз деп.
РКС: Іс-шара жастардың бойында Отансүйгіштік қасиетті нығайту, ерлік пен батырлықтың мәнін терең түсіндіру және тарихи құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған. Курсанттар кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.
СНХ: БЕКҚАСЫМ ҚАНСЕЙІТ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Олардың көргендері мен істегендері әркімнің қолынан келе бермейді. Бейбіт заманның нағыз батырлары. Оларға қарап, үлгі алып, олардан мақтан тұта аламыз. Бүгінгі іс-шарадағы жүрегімнің елжіреткені олардың арасындағы ағамыз өлең шығаратын өнері. Үлкен рахмет, сол уақытта соғыстан қашпай, соған барып елімізді қорғап, қазақ елінің атынан шыққанына.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шара соңында Азаматтық қорғау академиясының басшылығы Ауған соғысы ардагерлері одағына арнайы сыйлығын табыс етті. Одан соң академия курсанттары шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ