ДИКТОР: Жаңа Конституцияның жобасында халықаралық міндет пен ұлттық заң жүйесі де қайта қаралды. Жобаға сәйкес, ратификациялаған халықаралық шарттар ұлттық құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі болып қала береді. Осыған орай бүгін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған ғылыми конференция өтті.
РКС: Конституциядан басым заң жоқ. Ең жоғары заңды күші бар. Онда заңның үстемдігін күшейту, сот тәуелсіздігін арттыру және адам құқықтарын қорғау тетіктері де нақты бекітілген. Қазақстанның халықаралық қатынастарына Конституцияның бірден бір әсері, сенімді әріптес ретінде мәртебесін күшейту-дейді сала мамандары. Бұл өзгерістер елдің институционалды сенімділігін арттырып, халықаралық серіктестер үшін тұрақты болмақ.
СНХ:АНАР БУХАЕВА, САЯСИ ҒЫЛЫМДАР ДОКТОРЫ: Ратификацияланған халықаралық келісім-шарттардың дәрежесі заңнан жоғары болғанымен, Ата заңнан асып түспейді. Бұл ұлттық мүдделермен тікелей байланысты. Себебі, халықаралық ынтымақтастықта кез-келген мемлекет халықаралық аренада әрекет ете отырып, өз егемендігін сақтайды. Халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық қатынастар мемлекет қауіпсіздігіне, аумақтық тұтастығына, ұлттық мүтделеріне және конституциялық құндылықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс.
РКС: Жаңа Конституция жобасының құрылымы, ел мүддесінің жаһандық аренада сенімді серіктес ретінде мәртебесін нығайтуға себеп болмақ. Сондай-ақ, Ата заңда мемлекеттік тілдің саяси тұғыры да артты. «Әділетті Қазақстан» қағидатын бекіту арқылы мемлекеттік тілдің басқару жүйесіндегі қолданылу аясы кеңейтіліп, ұлттық бірегейлік күшейтілді.
СНХ: МЕЙРАМБЕК ОРАЗӘЛІ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазір тіл мәселесі өте өзекті. Қазір Қазақстан Республикасында біздің ана тіліміз үлкен дәрежеге көтерілуде. Бұл бәріміз үшін қуантарлық жағдай. Ана тіліміз биіктей берсін, жоғарылай берсін.
РКС: Жаңа Ата Заңның жобасы халықаралық құқық нормаларын құрметтейтін мемлекеттік ұстанымды одан әрі нығайтады. Бұл ең алдымен ішкі саяси жаңғыру емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық міндеттерді орындау тәртібін нақтылайтын стратегиялық қадам.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ